Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Маусым, 2016

2148

Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Ағымдағы жылдың 4 маусымы күні Достық үйі  - қоғамдық келісім орталығында этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік концерт болып өтті.

Іс-шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаудан бастау алды. – Баршаңыңызды мерейлі мерекемен құттықтаймын.  Мемлекетіміздің іргесі әрқашан берік болсын, - деген тілегін жеткізді іс-шара барысында сөз алған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков.

Мемлекеттік рәміздерге байланысты түрлі сұрақтар қойылып,  жауабын дұрыс тапқан  көрермендер сыйлықтарға ие болса,  «Барвинок», «Торади», «Улыбка» сынды шығармашылық топтар келген қонақтарға ән мен биден шашу шашты. 

   

Кейін қарай