04 Маусым, 2022
3984
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Елтаңба, Ту, Әнұран – кез келген мемлекеттің болмысы мен егемендігін бейнелейтін міндетті атрибуттары және бұл күн тарихымызда және халықтың жадында мәңгі сақталады.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық байлығымыз, ел тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениет пен салт-дәстүрге деген терең құрметтің қайнар көзі. Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде бізді біріктіредін де мемлекеттік рәміздер. Дүние жүзіндегі бізді айқындайтын да Ту мен Елтаңба. Ресми халықаралық іс-шараларда Отанымыздың Әнұраны шырқалғанда немесе көк Туымыз көтерілгенде әрбір қазақстандық мақтаныш пен патриоттық сезімді сезінеді.
Мемлекеттік рәміздер – Мемлекет басшының жүргізіп отырған саясатты негізге алатын құндылықтарды бейнелейді. Бұл – ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік, келісім.
Ортасында шаңырақ бейнеленген алтын күн, қалықтаған қыран сұлбасы мен Елтаңба бейнеленген көк байрақ еліміздің барша азаматтарына ортақ шаңырақтың нышаны ретінде әлемге жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын паш етті.
Құрметті қазақстандықтар! Осы мерекелік күні баршаңызға амандық, бақыт, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлденіп, еліміздің Мемлекеттік Туы биікте желбірей берсін! Еліміз Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңа жеңістерге жететініне сенімдіміз!
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды