04 Маусым, 2021
1901
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық рух пен ұлттық құндылығымыз
Мемлекетіміздің ұлттық құндылығы болып саналатын Мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Ту, Әнұран - Тәуелсіздігіміздің басты байлығының көрінісі, бейбітшіліктің, татулық, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі ретінде қадірлеуіміз керек.
Мемлекеттік рәміздер тек көркем образ ғана емес, Тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігін сезінуіміз керек. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойын дарытуға қызмет етеді.
Мұндағы мақсаты - көтерілген туымыз бен елтаңбамыздың ақжолтайына айналар әнұранның түрі, табиғаты жағынан төлтума, ал мазмұны жөнінен осы заманғы өркениетті мемлекет идеясына үндес рәміздер болып табылады. 1992 жылдың 4 маусым күні - ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн болды.
Бұл күні тағы да елдігіміз сынға түсіп ертеңіміз үшін жан беріп, жан алысқан парламенттік дода қызу талқыға айналды. 60-тан астам депутат өздерінің пікірлерін білдірді. Нәтижесінде қабылданған қыран бейнелі көкшулан туымыз (авторы - Шәкен Ниязбеков), басқаға ұқсамайтын шаңырақ шырайлы шын дара елтаңбамыз (авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихан), әнұранымыздың әсем әуені мен әдемі мәтіні дүние есігін ашты. Олар тәуелсіз еліміздің атынан әлем алдында сөйлейтін тарихымыздағы тұңғыш ресми белгілерге айналды.
Осы күні Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.
Мемлекеттік рәміздер ретінде ту мен елтаңба - егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері. Әнұран - осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы болып табылады.
Біз қазақ деген патриоттық елдің ұрпағымыз. Әрқашан да мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеп қастерлеп мемлекеттік туымыздың жоғары тұруын өз санамызға және өскелең жастардың санасына сіңіріп жүруіміз қажет. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу отанымызды, халқымызды шынайы жүрекпен сүю деп түсінемін.
Баршаңызды 4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен шын жүрекпен құттықтай отырып, Елтаңбамыз орнықты, Егемен ел аспанында әнұран әуені асқақтап, Туымыз көкте желбірей берсін Қазақ елі!!!
Баетов Ерназар Көпжасарұлы,
Түркістан облыстық ҚХА жанындағы
«Жанғыру жолы» РЖҚ-ның жетекшісі,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университетінің
қызметкері құқық, білім беру салаларының
менеджментінің магистрі
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
4 Қыркүйек, 09:07