
01 Шілде, 2020
39224
«Мемлекеттік тіл – халықты топтастырушы фактор»
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» республикалық онлайн конференциясында мемелекеттік тілдің қолданысқа ену деңгейі талқыланды. Бұл шара Ассамблеяның 25 жылдығына сәйкес ұйымдастырылған болатын. Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Ана тілі» газетіне берген «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты сұхбатындағы мәселелерге де тоқталып өтті. Конферецияда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Марат Әзілханов өз ойын білдірді:– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы – өзінің даму жолында орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап, бүкілхалықтық татулық пен ынтымақтың беки түсуі үшін қызмет етіп келе жатқан бірегей ұйым.Еліміздегі барлық этностардың басын біріктіретін бұл құрылым республикада тұрақтылықты сақтап, ілгерілей дамып, мәдени-рухани баюымызға бағытталған іс-шаралардың басында тұрады.
Жақында Министрліктің жанынан Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің құрылуы елімізде жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік этносаясаттың және оны іске асырушы Ассамблея қызметінің арқасында қалыптасқан этносаралық келісімнің бірегей моделін, қоғамдағы өзара түсіністік ахуалын одан әрі нығайта түсуге игі ықпал етеді деп күтілуде. Осыған байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Комитеттің болашақта бірлесе атқарар жұмысының ауқымы да көбейе түсетіні анық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне жарияланған сұхбатында халқымыз үшін көкейтесті мәселелер көтерілген. Соның ішінде қазақ тілін ұлтаралық тіл деңгейіне көтеру мәселесі сөз болды. «Мемлекеттік тіл – халықты топтастырушы фактор» деген ұғымның қоғамдық санада нық орнығуын насихаттау ісінде де осылай болады деп ойлауға негіз бар.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілінің дамуын ұдайы назардан тыс қалдырмағаны баршаңызға белгілі. Тәуелсіздік алғалы бері жүргізілген мемлекеттік саясаттың арқасында қазақ тіліне қамқорлық жасалып, оның аясын кеңейтуге барлық мүмкіндіктер қарастырылды. Тұңғыш Президентіміздің жүргізген салиқалы саясаты мен ұстанған сара жолы барлық қазақстандықтардың өмірлік бағыт-бағдарына айналды. Сондықтан Ассамблеяның «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы» жобасының маңызы зор деп білеміз.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тіл мәселесіне қатысты ұстанымы, қазақ тілі туралы пікірлері жұртшылыққа жақсы таныс. Президент ретінде «Егемен Қазақстан» газетіне берген алғашқы сұхбатында: «Қазақтың тілі – қазақтың жаны! Халқымыздың тарихы да, тағдыры да – тілінде. Мәдениеті мен әдебиеті де, ділі мен діні де – тілінде» дегені ел есінде.
Осы сұхбатта көтерілген мәселелер қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруға үлес қосуымыз керектігі туралы ой салады. Бұл жолы да ұлы Абайдың қара сөздерін мысалға келтіре отырып, халқының білімі мен ғылымы дамыған интеллектуалды ұлт болуының жолы – ғылым, білім, еңбекқорлық екеніне назар аудартады.
,
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы