Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қараша, 2016

870

Мемлекеттік тілде өткен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты шығармалар конкурсы

«Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн» жоспары аясында 24 қарашада мемлекеттік тілде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» шығармалар конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанға деген патриотизм, намысшылдық, елге сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, мемлекеттік тілді сауатты меңгеру мәртебесін көтеру.

Конкурс  4 жас тобы арасында ұйымдастырылды :

  • 1-топ –7-9 сыныптар;
  • 2-топ  – 10-11 сыныптар;
  • 3-топ – кәсіптік мектептер мен колледждердің оқушылары (арнайы орта білім);
  • барлық тілек білдірушілер (ЖОО студенттері, қызметкерлер, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер және т.б.)

Конкурсқа 100 адам қатысты. Нәтижелер бойынша үздік шығармалар таңдалды. Бірінші санатта 7-9 сыныптардан 37 оқушы қатысты, Төлегенов Шыңғыс, Қайырбеков Еламан, Салим Асем, Юлдашева Умида, Сергалиева Зухра, Мержан Дамежан жеңімпаз атанды. Екінші санатта Нұрмұқанова Фарида, Асыгат Алтынбек мықты болды. Үшінші санаттан 24 адам қатысты, Отанға деген патриоттық көзқарас Алтынай Олжабаеваның, Людмила Тюменеваның жұмыстарынан жақсы көрінді. Төртінші санатта этномәдени орталықтардың өкілдері Айман Еркісқызының, Марий Поздняктың жұмыстары ерекше көзге түсті. Конкурс жеңімпаздарына естелік дипломдар табысталды.

Кейін қарай