Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қыркүйек, 2015

830

Мемлекеттік тілді білу – парызың атты облыстық фестиваль

Қазақстан халқы Атырау облыстық ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ 17 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында Н. Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тілді білу – парызың» атты облыстық фестиваль өткізді.

Фестивальға облыстағы барша жас таланттар мен әр этномәдени бірлестіктердің «Жастар қанаты» қатысты. Түрік, татар, грузин, ұйғыр және тағы басқа этномәдени бірлестіктердің жастарымен қатар өңірдегі студенттер атсалысты. Облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық басшысы Еркін Қадырғалиев аталмыш іс-шараға қатысқан жас өнер қырандарына «Алғыс хат» табыстады.

Фестивальдің негізгі ережесі өңірдегі жастарымыз бен этнос өкілдерінің қазақ тілінде ән айтуы. Мақсаты: рухани құндылығымызды байыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, этносаралық келісімнің қанаты кеңге жайылуына үлес қосу болып табылады.

Тіл – мемлекеттілік тірегі. «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз», – деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, қазіргі таңда Президент жүргізген бірыңғай мемлекеттік тіл саясаты халқымыздың қолдауын тапты.

Кейін қарай