05 Қыркүйек, 2024
327
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған ҚХА-ның жалпы қазақстандық ашық диктанты
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында 2024 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылсайынғы жалпы қазақстандық ашық диктантын өткізді.
Іс-шара қазақтың біртуар перзенті Тұрар Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына және Қазақстан халқы тілдерінің күніне орайластырылған.
Жалпықазақстандық ашық диктантты өткізудің мақсаты – мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретіндегі қоғамдық рөлін күшейту, сондай-ақ «Мың бала» атты ҚХА мәдени-ағартушылық жобасын жүзеге асыру.
Аталмыш іс-шара қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауға және нығайтуға, өскелең ұрпақты патриоттық рухта, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуде септігін тигізері сөзсіз.
Айта кету керек, бұл іс-шара бір уақытта еліміздегі бірнеше мемлекеттік мекемелерде, білім беру ұйымдары мен Достық үйлерінде өтті. Оған этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті