Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2017

1297

«МЕН АЛҒЫС АЙТАМЫН» АКЦИЯСЫ

Бүгін Ақтау қаласының көшелерінде Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ҚХА жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымы мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Мен алғыс айтамын» атты акция өтті.

Елбасы Жарлығымен 1 наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланған болатын.

Мақсаты – қоғам бірігуінің, азаматтық татулықтың, қоғамдық келісімнің, қазақстандық бірегейлік пен бірліктің нығаюы, адамдардың, этностардың бір-біріне құрметі мен сыйластығының артуы.

Акцияға Маңғыстау облысының жастары, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылығы, этномәдени бірлестіктер өкілдері, МО ҚХА жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымы, «Жас Отан» жастар қанаты, облыстық мәслихаттың депутаты әрі Forte Bank директоры Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы, «Қала жолдары» мекемесінің қызметкерлері және тәртіп сақшылары қатысты.

Акция барысында «Қала жолдары» мекемесінің 200-ден астам қызметкеріне гүл шоқтары, шоколад және әуе шарлары тарту етілді. Қала көшелерінің тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастырып жүргендеріне ризашылықтарын білдірді. Жылы лебіз-тілектерін жеткізіп, алғыс айтты. «Қала жолдары» мекемесінің қызметкерлері риза болып, қуанышқа бөленді. Көктемнің алғашқы күні осындай мерекемен басталып, керемет көңіл-күй сыйлады.

Кейін қарай