23 Қараша, 2016
1160
«Мен Еліммен мақтанамын!» онлайн-акциясы өтті
2016 жылдың 22 қарашасында, сағат 11.00-де облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас ғимаратында орналасқан «Елбасы, Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залында «Мен Еліммен мақтанамын!» онлайн-акциясы болып өтті.
Онлайн-акцияға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, мектеп оқушылары мен университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Іс-шара барысында кафедра меңгерушісі Нұрлыбек Мыңжас мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы сөз қозғады. «Егемен еліміз әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді. Күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай масақтары – барлығы Елтаңбаны бейнелейтін нақыштар», - дей келе шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы - отбасы ошағын бейнелесе, қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі екендігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ Нұрлыбек Мыңжас қатысушыларды көрме залында орналасқан Тәуелсіздік белестерінен тарихи мағлұмат беретін экспонаттар және Елбасының өмір жолын бейнелейтін суреттермен таныстырды. Өзге этнос өкілдері өмір өткелдерімен бөлісіп, елімізді, жерімізді, рәміздерімізді құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысу – ол әрбір азаматтың парызы! Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге міндетті екенін естен шығармауға тиіспіз деп, жастарға үлгі болатындай өнегелі әңгіме айтты.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті