Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Наурыз, 2017

2032

«Мен өмір сүретін әлем»

Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында №1 құрылыс – техникалық колледжінің мүмкіндіктері шектеулі оқушыларының «Мен өмір сүретін әлем» атты көрмесінің ашылуы өткізілді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Халықтық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығы, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы.

Инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталық болып табылатын колледждің базасында әлеуметтік бағдарлама аясында «Тамақтануды ұйымдастыру» және «Сәндік-қолданбалы өнер мен халық кәсіптері» сияқты мамандықтар бойынша есту қабілеті нашар балаларды оқыту ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі балаларды мамандықпен қамтамасыз ету, олардың өз күштеріне сенімді болуына ықпал ету, басқа оқушылармен бірге білім алуға бойларын үйрету.

Оқу орнында 2014 жылы ашылған «Сәндік-қолданбалы өнер мен халық кәсіптері» және «Ағаштан көркем бұйымдар дайындаушы» бөлімдері мүмкіндіктері шектеулі балаларға мамандыққа ие болып, әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігін ғана беріп қоймай, оған қоса өзін қамқор педагогтардың ортасында толыққанды шығармашылық тұлға ретінде сезінуге жол ашты. Осы оқушылардың ұсынған концерттік бағдарламасы олардың болашақ сәндік-қолданбалы өнер мамандары ғана емес, сонымен қатар әртістер ретінде талантты жандар екенін дәлелдеді. Олардың орындауындағы «Мама» әні және керең-мылқау балалар хорының гимні көрермендердің жүректерін елжіретті.

Курс бағдарламасын сәтті игеріп, колледждің қоғамдық өміріне белсенді араласып, олар тақырыптық көрмелердің, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі байқаулардың қатысушылары ретінде танылды.

Мысалға, Ербол Уәзіров Дельфий ойындарының қола жүлдегері, ал Андрей Филонов пен Нұрболат Мұсабаев - облыстық "ЭКСПО-ға арналған сыйлық" байқауының бірінші орын иегерлері болып табылады. Аталмыш мамандықтың оқушылары – Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының «Жүректен жүрекке» республикалық қайырымдылық акциясының тұрақты қатысушылары.

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ көрме залында Көкшетау қаласының №1 құрылыс – техникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері - Галина Есетованың, Үміт Жақашеваның және Олжас Ахметовтың жұмыстары ұсынылды.

Көкшетау қаласының №1 ҚТК мүмкіндіктері шектеулі оқушылары өмір сүретін әлем олар үшін әрқашан да жарқын, мейірімді, ықыласты болып, олардың өмірде әрі қарай гүлденуі үшін шексіз мүмкіндіктер сыйласын!

Кейін қарай