
05 Қыркүйек, 2016
3684
«Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаты
Маңғыстау облысының Достық үйінде қыркүйектің бірінші күнінде мектеп оқушылары арасында «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шара Қазақстан қалалары туралы ән айтылған бейне роликті көрсетуден басталды. Іс-шараның жағымды әндермен бастағаны – өсіп келе жатқан ұрпаққа өз Отанының патриоты болу үшін еліміздің әр жетістігін, күші мен маңыздылығын, қарапайым азаматтарға деген мемлекет қамқорлығын білу қажеттігі мақсатынан туындаған.
Іс-шара барысында Елордада ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған "Мәңгілік ел" патриоттық актісі туралы айтылды. Арнайы дайындалған тақырыптық слайд көрсетілді.
Сөз алған математика пәнінің мұғалімі Комордина Любовь Андреевна: «Біздің ұрпаққа Елбасымыздың басшылығымен Қазақстанның жаңа тарихын жасау үлкен құрмет және жауапкершілік болып табылады. Онда Елбасының маңына топтасу арқылы біздің ұлы жетістіктерге жеткеніміз айтылды. «Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбатты ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан» делінуінің өзі егемен еліміздің барша қазақстандықтардың бақытты өмірі үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға бағыт ұстағанын көрсетеді...» - деп айтып өтті.
Оқушылардың әрқайсысы өз пікірлерін білдіріп, сынып сағатының тақырыбына терең қызығушылық танытты. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері: өз еліне деген мақтанышы арқылы жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді, белсенді өмірлік ұстанымын тәрбиелеу болып табылады.
«Біртұтас Еліміз - Мәңгілік Ел қуатты болсын! Қазақстанның мәңгілік мекені - Ұлы Дала Еліне бата қонып, бақ дарысын! Алға, Қазақстан!» - деп аяқтады іс-шараны жабуға арналған сөзін «Қоғамдық келісім» КММ-сінің этномәдени бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Абдуллаева Самира Сабирқызы.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті