12 Желтоқсан, 2017
1232
Менің Қазақстаным!
Ақмола облысы орыс қауымдастығының бастамасымен және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының қолдауыменен жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында «Менің Қазақстаным» вокалды әндер байқауын өткізу дәстүрге айналған
Іс-шараның мақсаты ән өнеріне ден қойған дарынды жастардың шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына қолдау көрсету, ұлтаралық татулық пен бірлікті насихаттау мен берік ету, сонымен қоса Ақмола облысында өмір сүретін түрлі этнос өкілдерінің тілі мен мәдениетінің ерекшеліктерін көрсету болып табылады.
Байқау алдында сөз тізгінін алған Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова қатысушылар мен көрермен қауымға өзінің жылы лебіздерін білдірсе, Ақмола облысы орыс қауымдастығының төрағасы Александр Артеменко аталмыш байқаудың қатарынан үшінші жыл өтіп жатқандығын және осы аралықта көпшілік ықыласына бөленіп үлгергендігін атап өтті.
Байқау бағдарламасына сәйкес, сахнада Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің халық әндері орындалды. Қазылар алқасының бірлескен шешімі бойынша Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Легато» триосы гран-при иегері атанса, жеке орындаушылар Галиева Марьям мен Суйлеменова Ясмина жүлделі орындардан көрінді.
Байқауға қатысқан барлық қатысушылар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Дата события ассамблеи: 12.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
П.Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»
-
Талдықорған қаласының Достық үйінде «Менің шежірем» атты облыстық байқауы өтті
-
Отбасы – менің тірегім» тақырыбындағы дөңгелек үстелі
-
Тараз қаласында «ТУҒАН ЖЕРІМ МЕНІҢ - ҚАЗАҚСТАНЫМ» атты форумы өтті
-
Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері жастары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауы өтті
-
«Менің Отаным - Менің Қазақстаным»челленджін Қызылорда облысына жолдаймыз!
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді