29 Қараша, 2016
1119
Менің Қазақстаным – менің Президентім!
Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайы жанындағы қалалық кітапханада қаланың орта мектептерінің педагогтары мен оқушыларының қатысуымен «Менің Қазақстаным – менің Президентім» диалогтық алаңы өтті.
Іс-шараның өткізілуі Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мысалында өскелең ұрпақтың отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеу мақсатын көздеді.
Аталмыш іс-шараға «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Зере Қиықова қатысты.
Мейрамбек Қиықов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына толығырақ тоқталып, мемлекеттің тәуелсіздік жылдары ішіндегі мемлекеттік тілді қайта өркендету мен дамыту бойынша тарихи жетістіктері туралы айтып өтті.
Көкшетау қаласының №8 орта мектебінің жоғары сынып оқушылары Артур Мухамедзянов, Тимофеев Илья, Хрипко Лиза, Шайхутдинова Регина, Жұмажанов Дамир, Стенникова Карина, Мушкенова Жанель және басқа да оқушылары өз сөздерімен шынайы қызығушылық тудырды. Ал аталмыш мектептің 7-ші сынып оқушысы Ольга Станкевич өзінің Қазақстан туралы жазған жеке шығармаларын оқып берді.
Кездесу барысында диалогтық алаңның қатысушылары назарына «Феномен Президента» бейнефильмінің үзінділері ұсынылды.
Кездесудің модераторы Көкшетау қаласының №8 орта мектебінің тарих мұғалімі Майя Кулбулдина болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
П.Кесоглу: «Президент марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға»
-
Талдықорған қаласының Достық үйінде «Менің шежірем» атты облыстық байқауы өтті
-
Отбасы – менің тірегім» тақырыбындағы дөңгелек үстелі
-
Тараз қаласында «ТУҒАН ЖЕРІМ МЕНІҢ - ҚАЗАҚСТАНЫМ» атты форумы өтті
-
Ақтөбе облысында мемлекеттік тілді меңгерген этнос өкілдері жастары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауы өтті
-
«Менің Отаным - Менің Қазақстаным»челленджін Қызылорда облысына жолдаймыз!