11 Қараша, 2015
1360
«Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық радио байқауы жеңімпаздары марапатталды
2015 жылғы 11 қараша күні Астана қаласында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы» залында жоғары сынып оқушылары арасындағы «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық радио байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының Қазақ радиосы бірлесіп ұйымдастырған бұл байқау балалар шығармашылығын қолдауға және өскелең ұрпақты патриотизм мен этносаралық келісім рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Салтанатты шараға «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Ғазиз Телебаев, «Қазақстан» РТРК Қазақ радиосының директоры Махат Садық, «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, «Балапан» телеарнасының директоры Ләйля Сұлтанқызы, белгілі журналист-тележүргізуші Гүлмира Дайрабай, «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Жансерік Берікқазыұлы, ҚХА мүшелері, өңірлердің және Астана қаласы мектептерінің делегациялары, қоғам өкілдері қатысты.
«Қазақстан» РТРК Қазақ радиосының директоры Махат Садық өз сөзінде балаларды білім-ғылымға құштар, ізденімпаз болуға шақырды.
Ассамблеяның 20 жылдығының құрметіне радио байқауға қатысқан 20 баланың жұмысы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Жұмыстары жоғары баға алған жас шығармашыл қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің атынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Ал Маңғыстау облысынан келген Ибрахим Дәулетбаев пен Дулат Руслан, Павлодар облысының тумасы Айбек Қасеналин, Шымкент қаласының оқушысы Дина Шайзадаева және астаналық Салтанат Алманова мен Бақыткүл Хасенғалиқызының еңбектері байқаудың үздік деп танылды.
«Біз – бірлігіміз жарасқан, тату-тәтті, көпұлтты елміз. Осындай елдің патриоты болу – мен үшін үлкен бақыт. Мен келешекте еліміздің өркендеуі жолында өз үлесімді қосқым келеді», - деді өз сөзінде байқау жеңімпаздарының бірі Дина Шайзадаева.
Сондай-ақ, іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан «Қазақстан» РТРК Қазақ радиосының қызметкерлері – Әдеби-сазды бағдарламалар редакциясының редакторы Ғалия Есқұлова мен радионың дыбыс режиссері Гүлжанат Сейітоваға, республикалық Балалар сарайы Баспасөз орталығының жетекшісі Самал Алмановаға «Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хаттары табысталды.
Шара соңында «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі Жансерік Берікқазыұлы мектеп оқушылары мен шақырылған қонақтар арасында әңгіме-сұхбат ұйымдастырды. Балалар өздерінің көкейіндегі сұрақтарына жауап алып, естелікке суретке түсті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті