13 Желтоқсан, 2018
1456
«Менің елім – Мәңгілік ел» жас суретшілер конкурсының жеңімпаздары анықталды
12 желтоқсан күні Тәуелсіздік сарайында астаналық жас суретшілер марапатталды.
12 желтоқсан күні Тәуелсіздік сарайында астаналық жас суретшілер марапатталды.
Астана қаласының суретшілер Одағы ұйымдастырған «Менің елім – Мәңгілік ел» жас суретшілер конкурсы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылып өткізілді.
Сарайдың екінші қабатында жас таланттардың шығармашылығына арналған көрмеде туған жер, Отан тақырыбы кеңінен қамтылған. Патриот жастардың конкурсқа ұсынған жұмыстары бірінен-бірі өтердей, көз қызықтырады.
Суретшілер Одағы жастар бірлестігінің жетекшісі Жәнібек Оразалы көрменің ұйымдастыру мақсатымен таныстыра отырып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті: «Жас суретшілердің қазіргі таңдағы өнерінің танылуы кенжелеп қалды. Осы тұрғыда біз аталмыш көрмені арнайы ұйымдастырдық. Ондағы мақсатымыз – жастар арасында өнерге деген қызығушылығын ояту, өзара байланыстыру. Осы себепті басшылыққа ала отырып, өзім де ЖОО студент жастармен кездесу өткізіп, бірлестігіміздегі шеберханада бас қостық. Соның нәтижесінде оқу орындарында суретшілер клубы пайда болды.
Сонымен қатар Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жас суретшілердің ынтасын асыру үшін осы байқауды жариялап, көрмеге жұмыстарын қойып, көпшілікке таныстырып отырмыз. Аталмыш конкурсқа өнер жанкүйерлері демеушілік көрсеткенін де айта кету керек.
Конкурсқа алпыстай жұмыс қабылданды. Суреттер өте сапалы салынған. Жюри мүшелері де әділ бағасын беруге тырысты.
Келер жылды Елбасы Жастар жылы деп атап өткені бәрімізді бір қуантып тастады. Осыған орай қаңтар айында компьютерлік графикалық сурет көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл тек жұмысымыздың бастамасы болмақ. Жалпы түркітілдес елдердің жастарын шақырып, халықаралық форум өткізсек деген мақсатымыз бар», – деді.
Көрме барысында жеңімпаздар марапатталып, арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды:
І орын – Ризахмет Дәулетбаев,
ІІ орын – Рүстем Беркімбаев, Динара Өтелбаева,
ІІІ орын – Асқар Нұрболат, Гүлдана Жұрқабаева, Самал Оспанова.
Нұргүл ШАТЕКОВА color:#3B3C3C">
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз. color:#3B3C3C">
Дата события ассамблеи: 13.12.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті