21 Қараша, 2016
973
«Менің елім – Мәңгілік Ел» жастар акциясы Ақтөбе облысында
2016 жылғы 19 қарашада М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің конгресс холлында Қазақстан халқы Ассамлеясының «Менің елім – Мәңгілік Ел» жастар акциясы өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, маслихат депутаттары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ-і, бизнес-құрылымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, студенттер мен қала жастары қатысты.
Іс-шара барысында облыс белсендісі Ербол Шыма Елбасына арналған барша жастардың атынан үндеу оқыды.
Сондай-ақ, Тәуелсіздік құрдастары акция символы - «Мәңгілік ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» кітабы салтанатты түрде Қостанай облысының өкілдеріне табыстады.
Акция аясында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастрылды.
Облыс әкімі Б.Сапарбаев өз сөзінде ҚХА рөлі, оның ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы қайырымдылық іс-шараларының маңыздылығын атап өтті. Акция қорытындысы бойынша Елбасы атынан облысымыздың мұқтаж жандарына жалпы 7 млн. тенге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді, соның ішінді депутаттық корпус атынан «Парыз» қорына 1 млн. тенге бөлінді.
Облыс әкімі Жасөспірімдер үйіне спорт жабдықтарын алуға 1 млн. тенге көлемінде қаржыллай көмек көрсетіп, балалар үйінің тәрбиленушісі Қалиева Бахытгүлге пәтердің кілтін табыс етті.
Ал облыс әкімі аппаратының қызметкерлері біркүндік жалақыларын Жасөспірімдер үйінің түлектері Пеливан Владимир мен Утешов Русланның есеп шоттарына аудару арқылы тұрғын үй алуға жинақтаған қаражатының жетпеген көлемін толықтырды.
«Жыл басынан бастап барлығы 352 қайырымдылық іс-шаралары өткізілді. Бүгінде осындай іс-шараларға жастардың белсенді қатысқаны қуантады», - деп облысы әкімі Б.Сапарбаев атап өтті.
Жақсылыққа толы жастар акциясы Алға қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілерінің әсем әнімен қорытындыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
вчера, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті