Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Қараша, 2016

1062

«Менің елім - Мәңгілік Ел» жастар форумы

Жастар сарайында  «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 тұғыры» 25 жұлдызды күн» акциясы аясында жастардың «Менің елім - Мәңгілік Ел» жалпыреспубликалық патриоттық акциясы болып өтті.

Аталған акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамашылық етті, ол 4 қарашада Талдықорған қаласында бастау алған.

Акцияның мақсаты – Республикамыздың барлық өңірлері жастарының Тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыруға қосқан үлесі мен жетістіктерін ауқымды көрсету.

Акцияның символы «Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» кітабы болды. Іс-шара қарсаңында Қарағанды жастары эстафетаны Петропавл өкілдеріне табыстады.   

Акцияның негізгі міндеті «Мәңгілік Ел» жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» - «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабын табыстау болып табылады. Кітапта Елбасыға бағытталған, «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясының біріктіруші рөлін көрсететін Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер туралы жастардың үндеулері жиналады. Бүгін эстафетаны Ақмола облысының өкілдері қабылдады.

Іс-шараға Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және колледждер студенттері, СҚО ҚХА жастар қанаты, этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.

Кейін қарай