Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Наурыз, 2016

1968

«Менің Отаным – Қазақстан» фестивалі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды. Бұл күн – қиын кезеңдерде бір-біріне иық артып, аз уақыт ішінде жұмыла күш сала отырып, Елбасы жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстанды бірге құрған ел азаматтарының бір-біріне деген құрметін көрсететін күні болды. Бұл - мейірімділік таныту, шын ықыласпен ойдағыны бөлісіп, бір-біріне қол ұшын беру күні. Алғыс айту күні Қазақстан халқын ғасырлар бойы біріктірген «Мәңгілік Ел» патриоттық жалпыұлттық идеясы мен қазақстандық бірегейлікке негіз болған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.

Қазақстанның барлық аймақтарында Алғыс айту күні атап өтілді.

1 наурызда Алғыс айту күнін тойлау құрметіне орай Алматы қаласы Достық үйінде «Менің Отаным – Қазақстан» атты қалалық фестиваль өтті.

Іс –шараға қатысушылар: Алматы қаласы әкімінің орынбасары   Арман Оразбайұлы Қырықбаев,  ҚХА Төрағасының орынбасары Ни Любовь Августовна, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, генералдар, ардагерлер кеңесі, ҮЕҰ,  білім, мәдениет және өнер саласы өкілдері, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері және басқа да қонақтар.

Мерекелік іс-шараны алғы сөзімен  Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы Қырықбаев пен ҚХА Төрағасының орынбасары Ни Любовь Августовна ашты.

Фестивальдің салтанатты түрде ашылу рәсімі қалалық және республикалық этномәдени орталықтардың шығармашыл ұжымы, талантты жастар мен жасөспірімдер өнер көрсеткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Содан соң, іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға Достық үйі ғимаратының  1 және 2-қабаттарындағы фойеде ұйымдастырылған республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер көрмесі ұсынылды. Атап айтқанда, «Бір ел – бір отбасы» сурет көрмесі, ұлттық асхана, ұлттық қолөнер көрмесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы депозитарийі қорынан – кітап көрмесі қойылды.

Көрмеде  ұлттық бірлік, этносаралық және конфессияаралық келісім тақырыбындағы  көркемөнер жұмыстары  байқауында – Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы,  Т.К. Жүргенов  атындағы ҚазҰӨА колледжі студенттері, мектеп –интернат оқушылары, Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері мен техникалық дизайн мектебінің оқушылары белсене қатысты. Фестиваль қалалық және республикалық БАҚ-та кеңінен жарияланды.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрімен танысуға, құрметке лайық ақсақалдар және қоғам қайраткерлері, әр ұлттың ел ағасы, ғалымдар, этномәдени бірлестіктердегі Аналар кеңесінің төрағалары және басқа да құрметті қонақтармен кездесуге, сұхбаттасуға мүмкіндік алды. Олар отбасылық дәстүрді, бір-біріне деген ақ пейілді қарым-қатынасты сақтаудың, жасы үлкенді құрметтеудің, көмекке мұқтаж жандарға қол үшін беру мен бірліктің маңыздылығы жайлы сөз қозғады.

Қалалық іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі,  Алматы қаласы әкімшілігі, Алматы қаласы ҚХА хатшылығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.

Жалпы алғанда Алматыдағы барлық білім ұйымдарында, ЖОО-да, кәсіпорындар мен ұйымдарда, мәдениет пен өнер мекемелерінде және т.б. ұйымдарда Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен Алғыс айту күніне орай  50-ге тарта мерекелік іс-шара өткізілді.

Мысалы, 1 наурызда Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы жетекшілері мен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ  №1 қалалық перзентханаға барып, аталған мекеменің жетекшілігі және БАҚ өкілдерімен бірге «Сүйінші!» акциясы аясында 1 наурызда дүниеге сәби әкелген әйелдерді құттықтады. Әрбір жаңа туылған сәбиге сыйлық берілді.

   

   

   

 

 

Кейін қарай