
02 Наурыз, 2017
1880
Менің отбасым – елімнің бір бөлшегі!
Көкшетау қаласының Қоғамдық келісім сарайында (Достық үйі) 2017 жылғы 1 наурыз күні Алғыс айту күніне орай «Менің отбасым – елімнің бір бөлшегі» альманахының таныстырылымына арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2016 жылғы 14 қаңтар күні №173 Жарғымен республикамызда Алғыс айту күнін бекітті, ол Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызда атап өтіледі.
Алғыс айту күні – ол бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының салтанаты күні. Оның арқасында Қазақстанда Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің ерекше моделі құрылды, оның өзегі Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады.
Мереке өз бастауын қазақ халқының қайырымдылығынан, қонақжайлылығынан, мейірімділігі мен ынтымақтастығынан алатын тарихи дәстүрлерге негізделеді.
Алғыс айту күні – ол Қазақстан халқы Ассамблеясының күні, ол қайғылы оқиғалардың нәтижесінде Қазақстанға қоныс аударған түрлі ұлттың миллиондаған өкілдерін құшақ жая қарсы алған қазақ жеріне және қазақ халқына деген шексіз ризашылықты білдіру күні.
Бұл күн – біздің елдің барлық азаматтарының бір бірін құрметтеуі, біздің ортақ тарихымызды құрметтеу күні, өзара көмек пен қолдау күні.
Наурыздың бірінші күнінде, құстардың сайрауы, желдің жылы лебінен табиғатта ғана емес, адамдардың жанында да көктемнің келгені сезілетін кезде «Қоғамдық келісім» КММ қонақжай сарайы Ақмола облысының 25 құрметті отбасын бір шаңырақ астына жиды. Олардың тағдырлары туралы көкшетаулық тілшілер, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Журналистер клубының мүшелері «Менің отбасым – елімнің бір бөлшегі» альманахының беттерінде айтып берген.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың, Ассамблеяның «Қайырымдылық керуені» жобасында қайырымдылық көмекке ие болған мүгедек баланың анасы, аналар атынан шын жүректен алғыс білдірген Айнаш Сағындықованың, «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры Берік Рақышевтың, Ақмола облысының «Видергебурт» неміс қоғамының мүшесі Людмила Хаврушинаның сөйлеген сөздерінен келушілердің туған жер үшін, егемен мемлекеттің дамуының жарты ғасырлық кезеңіндегі ұлы жетістіктер үшін, азаматтық қағидасында қазақстандық барабарлықты дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту ісіндегі ҚХА айтарлықтай үлесі үшін мақтаныш сезімі артты.
Мерекелік іс-шара марапаттау салтанатынсыз өткен жоқ. Қазақстан халқының бірлігін, бейбітшілігі мен келісімін нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі Ақмола облысының мүгедектер қоғамының төрағасы, көп балалы патронатты отбасының отағасы, тоғыз ұлттың өкілінен құралған 39 баланы, оның ішінде 5 туған баласын тәрбиелеп шығарған Серік Әкімбаевқа берілді.
Қазақстан халқының бірлігін, бейбітшілігі мен келісімін нығайтуға қосқан үлесі үшін, мәдениетаралық байланысты дамытқаны үшін, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастырғаны үшін «Ақмола облысының орыс қоғамы» ҚБ жанындағы «Русская песня» халық ансамблінің басшысы Зоя Авилова және Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, Жарқайың ауданының «Арарат» армян мәдени орталығының төрағасы Гачик Григорян Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.
Республикалық бейбітшілік пен келісім фестиваліне белсенді қатысқаны үшін және жоғары кәсіби дәрежесі үшін Ақан сері атындағы колледждің «Самоцветы» би ұжымының басшысы Андрей Погорелый және Ақмола облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ «Этно» би ұжымының басшысы Ирина Лобанова Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марал Жақыпова келушілердің алдында облыс Ассамблеясының біртума жобасына қатысушы отбасылардың суреттерін көрсете отырып, «Менің отбасым – елімнің бір бөлшегі» альманахын таныстырды.
Аталмыш жобаға кірген Ақмола облысының барлық құрметті отбасыларына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар ұсынды. Марапатқа ие болғандар арасында Бағысовтар, Байковскийлер, Вандар, Қиықовтар, Кодзоевтер, Кимдер, Тарасовтар, Терещуктер, Урмановтар, Фатих Экиджи, Көкшетау қаласынан Франк пен Шафар, Аршалы ауданынан Биджиевтер, Бурабай ауданынан Қабылбаевтар мен Хашиевтер, Бұланды ауданынан Дороховтар, Еңбекшілдер ауданынан Геворкяндар, Есіл ауданынан Мустафидилер, Жарқайың ауданынан Сидориндер, Сандықтау ауданынан Вихренко мен Доқаевтар, Целиноград ауданынан Милюктер, Шортанды ауданынан Ақшаловтар мен Тұрысхандар отбасылары түрлі қызмет салаларында өз жетістіктерімен белгілі.
«Біз көппіз және барлығымыз – бір мемлекет, бір халықпыз», - деп біздің Президентіміз айтқан болатын. Шын мәнінде, бейбітшілік, достық және келісім құндылықтары Қазақстан халқының тарихи тағдырымен қаланған.
Көкшетаулық Достық үйі қабырғасындағы «Алғыс күні» мәдени, ұлттық, тілдік, діни алуантүрлілікке негізделген қазақстандық құндылықтарды «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының аясында көрсете білді.
Жобаға қатысқан әрбір отбасы – ол шағын егеменді мемлекет, оның дамуына осы отбасылардың әрбір мүшесі өз жүрегінің бір бөлшегін, рух кеңдігін, балаларға, туған туыстарға, жақындарға деген шынайы махаббаттарын салды.
Осындай отбасыларда қазақстандық отансүйгіштік үлгісімен тәрбиеленген жас ұрпақ қоғам үшін маңызды құрмет, шыдамдылық, түсіністік, бір біріне деген толеранттық қатынас, егемен еліміздегі бейбітшілік үшін жауапкершілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіріп, өз
отбасында бірлік, келісім идеясының қалыптасуына міндетті түрде салмақты үлес қосатын болады.
Туған шаңырақ астында алынған тәрбие – біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жасалған нық қадамдар мен болашақ жетістіктердің кепілі! Көңілімізде балаларымыз бен немерелеріміз бүгінгі жобаға қатысушы отбасыларынан үлгі алып, баға жетпес даналыққа, мейірімділікке ие болып, туған жерге деген шексіз махаббатпен өсетініне сенім мол!
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті