
11 Тамыз, 2022
1196
«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауы мәресіне жетті
Ағымдағы жылдың тамызында «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауы облыстық турының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Отбасы құндылығын насихаттап, жанұя татулығы мен бірлігін нығайта түсуді мақсат еткен байқауға облыс бойынша 243 отбасы қатысқан. Оның 22-сі облыстық деңгейге жолдама алса, 4 отбасы байқау жеңімпазы атанды.
Байқау жеңімпаздарын облыс әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы марапаттады.
Нәтиже бойынша «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының ІІІ орнын Қордай ауданына келген Вансинвин отбасы иеленді. Вансинвин отбасы этносаралық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген, «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларды мектеп формасымен қамтасыз еткен үлгілі жанұя. Қазір Вансинвин отбасы 3 ұл тәрбиелеп, олардан 10 немере, 8 шөбере көріп отыр.
Байқауда екінші орынды Т.Рысқұлов ауданынан Далибаевтар отбасы алды. Аталған отбасы 1 ұл 6 қыз тәрбиелеп олардан 13 немере көрген, қайырымдылықпен айналысатын үлгілі жанұя.
Байқаудың бірінші орнын Байзақ ауданынан 9 ұл, 6 қыз дүниеге әкеліп олардан 36 немере 40 шөбере өсіріп отырған Мамырбаевтар отбасы иеленді.
Байқаудың бас бәйгесін, 2022 жылдың «Мерейлі отбасы»атауын Тараз қаласынан Ержановтар отбасы алды. Өздерінің балаларынан бөлек 12 баланы бауырына басып, қанаттандырған отбасы «Алтын алқа», Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығының және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері. Ержановтар отбасында 56 немере 8 шөбере өсіп келеді.
Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.
Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті