
15 Наурыз, 2017
877
«Мэрцишор» - көктемнің жарқын мерекесі
1 наурыз Молдова мен Румынияда көктемнің алғашқы күні ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі салттық мереке күні болып табылады. Көктемді қарсы алу мерекесі «Мэрцишорды» Достық үйінде дүбірлі думанмен қарсы алды. Мерекенің ұйымдастырушысы – «Буковина» румын-модавия этномәдени бірлестігі.
Бұл күні адамдар бір-біріне ақ және қызыл түсті жіптерден жасалған гүл түріндегі шағын ілмектерді сыйлайды. Бұл сыйлықтар, мереке атауы сияқты, мэрцишор деп аталады. Мереке аясында балалар көптеген әдемі өлеңдер оқып, қонақтарға мэрцишорларды сыйлап, дәстүр бойынша оларды жеміс ағашына ілу дәстүрін көрсетті.
Ескі салт бойынша мэрцишор бір ай бойы киімге ілініп тұруы керек. Оларды тек 31 наурыз күні алып, жеміс ағаштарына ілген. Бұл салтты орындаған адамдар үшін келесі жыл табысты болады деп саналады. Мэрцишор ағашқа ілінген кезде тілектер айтылады және олар міндетті түрде орындалады деген сенім бар. Молдованың көптеген қалалары мен ауылдарында, сәуір айының басында, ағашқа ілінген көптеген мэрцишорларды көруге болады. Ал Румынияда мэрцишорлар киімге тек 2 апта бойы тағылады. Сенім бойынша, бұл дәстүр адамдарға мықты денсаулық сыйлайды.
Осы көктем мерекесіне орай, жиналған қауымға Достық үйінің би ансамблі, «Фантазия» ансамблі, румын-молдавия этномәдени бірлестігінің вокалдық ансамблі, Инновациялық Еуразия универститеті колледжінің «Толқын» және «Алтын дауыс» вокалдық дуэттері, сондай-ақ, басқа да көптеген жеке орындаушылар өз өнерлерін паш етті.
Құттықтау сөздерінде Павлодар облысы бойынша ҚХА төрағасының орынбасары, украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Парипса Михаил Сергеевич және румын-молдова этномәдени бірлестігінің төрағасы Дяк Аурика Георгиевна жиналған жұртшылықты көктем мерекесімен құттықтап, мықты денсаулық, бақыт пен береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
-
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
-
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті