13 Сәуір, 2018
1277
«Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті
13 сәуір күні Сәтбаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы қарсаңында, ерекше қажеттіліктері бар 45 балаға көмек көрсету мақсатында және Сәтбаев қаласының 45 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Мәденет сарайының залында ерекше туған балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, көп жұмыстарды келушілер сатып алды. Сонымен қатар, балалар қорқыныш пен ауырсынуға қарамастан, би билеп, өлең айтып, сурет салды.
Іс-шара барысында ерекше қажеттіліктері бар 45 балаға 50 мың теңге көлемінде сертификат табыс етілді. Ал Амантай Ержанға екі бөлмелі пәтердің кілті берілді. Марапаттау рәсімінен кейін, балалар өз өнерлерін көрсетіп, жұртшылыққа тамаша көңіл-күй сыйлады. Балалардың әр саxнаға шығуын көрермендер ерекше ризашылықпен қарсы алды.
Аталған іс-шараға Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директоры Е.Құсайын, «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Оспанова, Қарағанды облыстық ҚХА жанындағы қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер Клубының төрағасы С.Водько қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді