Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Мамыр, 2016

847

«Мейірім» жаңа жұлдыздарды жақты

2016 жылғы 24 мамыр күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің қорында Марат Оспанов атындағы қоғамдық қордың  ұйымдастыруымен және Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-мен басқа да қор серіктестерінің қолдауымен дәстүрлі түрде өткізілетін «Мейірім» жұлдыздарды жандырады» балалардың қайырымдылық мерекесі өтті.

Аталмыш іс-шараға Алматы қаласы мен Алматы облысының арнайы түзету мектеп-интернаттары мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты арнайы түзету мектеп-интернаттары мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің ішінен шыққан талантты балаларға қоғамның назарын аудару, олардың әрі қарай шығармашылық дамуына ықпал жасау.

Мерекелік бағдарлама барысында балаларға арналып мынандай іс-шаралар ұйымдастырылды: «Мейірім-2016» балалар шығармашылығы конкурсының жеңімпаздарының шеруі, талантты балаларға дипломдар тапсыру, естелік сый-сыяпаттар табысталған салтанатты марапаттау рәсімі, Алматы бизнес колледжінің студенттері қатысқан флеш-моб, интерактивті алаңдардың жұмысы. Барлық балалар сыйлықтар алып, әр түрлі тәттілерден, тәтті тоқаштардан, балмұздақ пен шырыннан дәм татты.

   

Кейін қарай