02 Маусым, 2015
907
МЕЙІРІМГЕ БӨЛЕНГЕН КҮН
1 маусым бүкіл дүние жүзінде Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде әр түрлі мерекелік іс-шаралар мен қайырымдылық акциялар өтіп жатыр. Солардың қатарында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ ұйымдастыруымен облыстық Достық Үйінде де мереке ерекше көңіл-күймен аталып өтті.

Іс-шара басында жиналғандарды мерекемен құттықтаған «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Сәдеков Жанат Ибрагимұлы өскелең ұрпақты патриотизм және мейірімділік рухында тәрбиелеуде осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, балалардың жүздерін әрдайым қуаныш нұрландырып тұруына тілектестігін білдірді.
Мерекелік шара барысында Достық Үйінің алаңында асфальттағы суреттер байқауы мен көңілді эстафеталар өткізіліп, балаларға құнды сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, көрермендер «Өрнек» би ансамблі, «Мен - жұлдызбын» студиясының қатысушылары Төлепберген Айым, Шатаева Адэлина, Усманова Ясмин, Чагай Карина, Кудайберген Алина, «Нұр-ас» дуэты және тағы да басқа кішкентай жұлдыздар қатысқан шағын концертті тамашалады.
Іс-шара соңында Достық Үйінің фойесінде балаларға арналған мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды