
02 Ақпан, 2016
811
«Мгновение» фотоальбомның тұсаукесері өтті
Алғыс айту күні аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының Кіші залында «Түркі мәдениеті» қоғамдық бірлестігі, авторы аталған бірлестік төрағасының орынбасары Д.Хасанованың «Арай» халық би ансамблінің тұрақты көркемдік жетекшісі Валерий Иванович Хреновке арнаған «Мгновение» фотоальбомының тұсаукесері өткізілді.
Іс-шара басталғанға дейін көрермендер «Арай» халық би ансамблі және оның жетекшісі, КБОК сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет белгісі» орденінің кавалері Валерий Иванович Хренов туралы кітап көрмесімен, газет мақалаларымен танысты. Автор және Валерий Ивановичтің оқушысы Диляра Хасанова өзінің «О том, что помню», «Вся культура в именах», «И не кончается прощание», «Портреты словами» атты кітаптарымен таныстырды. Ол осы кітаптарында ансамбльдің жұмысы мен оның жетекшісі туралы баяндаған. Автор ұсынған «Мгновение» фотоальбомы тұсаукесерінің қатысушылары ретінде бірінші, екінші, үшінші, төртінші буын бишілері болды.
Георгий Шевченко РФ Омбы қаласынан келді. Іс-шара басталғанға дейін тек қана ұрпақтар кездесуінің ғана емес, сонымен қатар сол уақыт рухы, жанарлардың жылуы, шынайы күлкі жағдайы болды, тренаж, орта - қайтадан жаттығу басталатын сияқты... Тұсаукесерді аша отырып фотоальбомның авторы Д.Хасанова Валерий Ивановичтің бала кезінен хореографиямен айналысқанын айтып өтті. Оқытушы Шапошникова Галина Евгеньевна - Ленинград қаласы С.Киров атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының жеке орындаушысы (қазіргі Мариин театры, Санкт - Петербург қаласы), саяси қуғындалған балерина, оның бірінші мұғалімі болған.
Мектепті аяқтаған соң В.Куйбышев атындағы завод клубында, содан кейін, оның шығармашылық лабороториясы басталған қалалық пионерлер үйі би ұжымының жетекшісі болды. 1964 жылы С.Киров атындағы завод директоры Мидхат Усманович Сутюшев оны «Волна» (кейін атауы «Достык», «Арай» болып өзгертілген) би ұжымының шығармашылық жетекшісі болуға шақырады. Сол жылдары С.М.Киров атындағы заводта облыста тұңғыш «Дуслык» татар-башқұрт орталығы дүниеге келді, оның бірінші жетекшісі Нұриман Нүриахметов болды. Ол татар тілінде спектельдер, тамаша концерттер қойды, ал Валерий Иванович өзінің ансамблімен оның қалыптасуына өте белсене қатысты.
1971 жылы В.И.Хренов жетекшілік ететін ұжымға облыста алғашқылардың бірі болып «халықтық» атағы берілді. Ұжым бұрынғы Кеңес Одағының бүкілодақтық сахна алаңдарында Қазақстанның атынан өзінің өнерін көрсете жүріп, көптеген табыстарға жетті. Олардың ішінде ХVI кәсіподақтар съезі, Молдавияда өткен би өнерінің халықаралық фестивалі, Олимпиада - 80, «Шире круг» бағдарламасы және тағы басқалар бар.
Композитор, ақын, музыкант Ю.Зайберт, қазір зейнетте болса да әлі де өнерден қол үзбеген Л. Орловская, Г.Кучерявая, Р.Рязапов, Г.Шевченко, Л.Демиденко және басқалары өздерінің сөздерінде Валерий Ивановичтің шығармашылық ізденістері, қала мен облыста шығармашылық ахуал жасай алғандығы туралы айтып өтті. Ансамбль би өнеріндегі бірегей құбылыс ретінде белгілі. Ол Солтүстік Қазақстан облысында би дамуының негізін салушы болды. Классикалық би, халықтық желісті би, эстрадалық, сәнді би содан бастау алды.
М.Ломоносов атындағы № 21 орта мектептің бұрынғы директоры, қазір Солтүстік Қазақстандағы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Н.Сәлімов өзінің естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде қатысушылар осы мектепте мемориалдық тақта ашуды ұсынды.
Ансамбль репертуарында 200-ден астам қойылым бар. Ұжым Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Тұсаукесерге қатысушылар жаттығулар, цехтағы жұмыс, өнер көрсету бейнежелістерін көргеннен кейін қызу талқылады.
В.Хренов жасаған билер өзінің ерекше мәнерлілігімен, алуан түрлілігімен таң қалдырған. Оның хореографиялық қойылымдарының құпиясы қиял тереңдігі мен ұшқырлығының өте дәл, айқын, жетімді формада берілуінде. Оның бишілерінің бойында орындаушылық диапазон, стильдік және ұлттық мәнер болды. Өздерінің жұмыстарында классикалық мұраға көп көңіл бөлді. Қазақ билерін жасауда «өзінің қолтаңбасы» бар. Қазақтардың мәдениетін, тұрмысы мен дәстүрін зерделеп қазақ би қойылымдарының лексикасы мен стилистикасына жаңалық енгізе отырып ұлттық өнердің дамуына мол үлес қосты.
Оның қойылымдары және басқа да көп дүниелері қазақ би антологиясына енді. Оның оқушылары Қазақстанда ғана емес, Финляндияда, Ресейде, Англияда, Украинада өнер көрсетіп жүр.
Оның бастамасымен 1996 -2007 жылдар аралығында екі жылда бір рет «Петропавл көктемі» би фестивалі өткізілді.
- 2003 жылдың 19 сәуірі С.Киров атындағы заводтың кіре берісінде мемориалдық тақта орнатылды.
- Тарихи-өлкетану мұражайында В.И.Хреновтің мұрағаты бар.
- Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясына енгізілген.
Соңында Казақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Л.Гривенная сөз сөйледі. Ол кафедраның жыл бойына өткізген "Түркі мәдениеті контексіндегі қазақ халқының салт-дәстүрлері", "Қазақ ою-өрнектерінің құпиясы", "Шетелде тұратын қазақтардың мәдениетіндегі салт-дәстүрді сақтау", "Қазақстан халқының ауыз әдебиеті дәстүрі", "Музыкалық сүйемелдеудегі қазақ халқының салт-дәстүрлері", "Наурыз мейрамын тойлау кезіндегі ұлттық ойындарды өткізу дәстүрі" сияқты бірқатар іс-шаралары туралы айтып берді.
Сол уақытта «Қазақстан халқы мәдениетіндегі би тілі» іс-шарасы өтті, онда қонақтар мен студенттер би өнері туралы танып-біліп облыстың барлық би ұжымдарын көре алды. Людмила Александровна В.И.Хренов қойған билер «бидің тілі - халықтар достығы тілі» екендігін растайтындығына тоқталып өтті. Би тілінде адамдар сөздік пен аудармашының еш көмегінсіз сөйлесе алады. Халықтарды жақындастыруға өзінің өлшеусіз үлесін қосқан адамға деген Алғыс айту күні осылай өтті. «Халықтар араздықты ұмытып, бірыңғай отбасына бірігеді» деп ұлы Пушкин жазғандай, осының бәрі мәдениеттің өзара кірігуіне, достыққа, өзара ынтымақтастыққа жағдай жасайды. Ал біз, оның замандастары, алдында ұзақ ғұмыр тұрған, уақыт сынынан сүрінбей өткен оның өзінен кейін қалдырған шығармашылық мұрасын жалғастыруға тырысамыз.
Д.Хасанова,
«Түркі мәдениеті» қоғамдық бірлестігі
төрағасының орынбасары
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті