30 Мамыр, 2023
508
МИЛЛИОННАН АСТАМ БАЛА «БАЛАЛЫҚ ШАҚ ӘЛЕМІ ҚАНДАЙ ҒАЖАП» ФЛЕШМОБЫНА ҚАТЫСТЫ
2023 жылғы 29-30 мамыр аралығында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2 күндік «Балалық шақ әлемі қандай ғажап» флешмобы өткізілді.
Осы 2 күнде республиканың мектептері мен колледждерінің білім алушылары ата-аналарымен бірге спорттық, шығармашылық флешмобтарға қатысты.
Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні мектеп спорт алаңдарында 700 мыңға жуық бала «Тоғыз құмалақ», «Асық», «Орамал» ұлттық ойындарына және басқа да спорттық жарыстарға (футбол, волейбол, жүгіру, теннис, шахмат) қатысты.
30 мамыр күні «Әр түрлі ұлттардың балалары! Болашақ сіздің қолыңызда!» флэшмобын өткізу кезінде өз таланттарын ата-аналарымен бірге жүздеген мың бала (465 300 адам) көрсетті.

«Балалық шақ әлемі қандай ғажап» флешмобы этносаралық қарым-қатынас үшін қолайлы жағдайлар жасауға, білім алушылардың коммуникативтік мәдениетін арттыруға, балаларымыздың шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етті.
Ұлттық, спорттық ойындардың алуан түрлілігі, мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің шығармашылық жұмыстары (тігін, тоқу, киіз басу, ұлттық тағамдар дайындау, балалар мен жастардың белгілі дизайнерлермен, спортшылармен, мәдениет және өнер өкілдерімен кездесуі), ең бастысы-балалардың қатысуы, өздерін көрсетуге деген ұмтылысы, ата – ана жұртшылыққа-осының бәрі Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балалар үшін жарқын және есте қаларлық мереке болды.
Флэшмобтар кезінде барлық хабарламалар әлеуметтік желілерде хэштегпен орналастырылған:



Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлігіміз жарасқан!» фестивалі ел бойынша ең талантты балалар мен жасөспірімдерді жинады
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласында «BERBANG-INFO: дәстүрді сақтап, болашақ құру» атты дөңгелек үстел өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
4 Ақпан, 18:08
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлігіміз жарасқан!» фестивалі ел бойынша ең талантты балалар мен жасөспірімдерді жинады
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласында «BERBANG-INFO: дәстүрді сақтап, болашақ құру» атты дөңгелек үстел өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің пленарлық отырысына қатысты
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы