Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Тамыз, 2015

1085

Мини футболдан турнир өтті

Өткен жексенбіде «Жұлдыз» стадионында облыстық этномәдени бірлестіктер арасында мини футболдан жарыс өтті. Шараны ұйымдастырған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі. Турнир Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орайластырылды.

Өткен жексенбіде «Жұлдыз» стадионында облыстық этномәдени бірлестіктер арасында мини футболдан жарыс өтті. Шараны ұйымдастырған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі. Турнир Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орайластырылды.

Спорттық додада 6 команда бақ сынасты. Олардың қатарында «Ватан» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің, «Мерказ» еврей этномәдени бірлестігінің, «Шешен-ингуш мәдениет орталығының» және «Грузин мәдениет орталығының», сондай-ақ «Ертіс желісі» сібір казактары одағының және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің командалары болды.

Ойындардың бірінші айналымы нәтижесінде финалдық ойындарға қатысатын 4 команда анықталды. Олар: «Ватан» әзірбайжан, «Шешен-ингуш мәдениет орталығы», «Ертіс желісі» сібір казактары одағының және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің командалары.

Әділ және тартысты бәсекеде 1-ші орын «Шешен-ингуш мәдениет орталығы», ал 2-ші орын «Ватан» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің спортшыларына бұйырды. Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің командасы 3-ші орынға ие болды.

Мақсат Айтпаев, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ командасының капитаны:

Дәл осындай спорттық шараларға қатысып өнер көрсету - біздер үшін үлкен мәртебе. Турнир достығымыздың беріктігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Оның болашақтағы бірлескен жұмысымыздың нәтижелілігіне де пайдасы зор деп есептеймін. Спорттық іс-шара келер жылдары да өз жалғасын табады деген ойдамыз, - деді жарыс соңында.

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамтамасыз ету бөлімі

 

 

 

Кейін қарай