12 Қазан, 2016
962
ӨМІР ҚАРТАЙСА ДА, ҚӨҢІЛ ҚАРТАЙМАЙДЫ КОНКУРСЫ
Өмірден көргені мен түйгені көп, аларынан берері мол қарттарымыз біз үшін баға жетпес байлық. Олардың қажымас еңбегі, қалдырған мұралары, көрсеткен ізеттілігі, парасатты ойлары құрметсіз қалмауы тиіс. Біз олардың ұлылығын ұлықтап, келешек ұрпаққа жеткізуге міндетіміз. Ақыл кенін арқалаған аталар мен ақ құртын аямаған ақ жаулықты әжелерімізге көздері тірі кезінде құрмет көрсетіп, назардан тыс қалдырмай, көңілдерін аулап жүрсек игі.
2016 жылғы 5 қазанда «Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығ мен «Халықаралық қарттар күнін» тойлау аясында қарттарды қоғамдық өмірге тарту мақсатында «Өмір қартайса да, көңіл қартаймайды» атты қарттар арасында ойын-сауықтық және спорттық конкурс өтті.
Конкурстың құрылтайшысы Маңғыстау облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы болып табылады. Іс-шара ұйымдастырушылары: Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ҚХА жанындағы «Жас қанат» жастар ұйымы және «Жас Отан» жастар қанатының Маңғыстау облыстық филиалы.
Байқаудың басты мақсаты – зейнетке шыққан қарттарды қоғам өміріне белсене араластыру, олардың қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста болуына ықпал ету.
Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар қауымы мен БАҚ қатысты.
Байқауға 8 әр түрлі ұлт өкілдерінің қарттары қатысты. Олар байқау талаптарына сай сәлемдесу, өз халқының салт-дәстүрлерін таныстыру және бойына дарыған өнерлерін көрсету сияқты сындардан өтті. Нұрлы жүздері бал-бұл жайнаған ата-әжәлеріміз байқауға жақсы дайындықпен келгені бірден көрінді.
Іс-шара барысында «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің финалисті Ислам Музаев қатысушыларға арнап ән шырқаса, маңғыстау облысы «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Үзілхан Жаңбырбайқызы «Атама» атты өлең шумақтарын оқыды, ал «Қызғалдақ» ансамблі биден шашу шашаты. Жиі бола бермейтін мұндай байқауды тамсана тамашалаған қонақтар шапалақтарын аямады.
Байқау соңында Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Амангүл Джайлханова және қазылар алқасы қарттарды мерекесімен құттықтады. Байқауға қатысқан қатысушылар барлық номинациялар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ