13 Қараша, 2015
1108
Өмір бойына созылған жол.
12 қараша күні Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында Владимир Николаевич Цайдың «Дорога длиною в жизнь» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Кореяна» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Кітаптің тұсаукесерімен авторды құттықтауға «Халықтар достығы» қоғамдық ұйымының төрағасы Ілияс Баймырзаев, ақын, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Юрий Показанов, спорт ардагері, оқпен атудан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Юрий Ким және «Кореяна» қоғамдық ұйымының төрайымы Вера Цой келді. Қонақтардың тілек сөздерінен кейін «Кореяна» этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымы арнайы музыкалық нөмірлерін орындады.
Кітап-өмірбаян автордың 90-жылдық мерейтойына арналып жарық көрді. Аталмыш кітапта депортация жылдары Қарағанды облысына жер аударылған кәрістер туралы материалдар жинақталған. Автордың өзі 1925 жылы қиыр шығыс Уссурия елінде дүниеге келіп, 1937 жылы Қазақстанға жер аударылған.
ХХ ғасыр бірінші жартысында Қазақстан аумағына жер аударылған өзге этностардың қалыптасуының күрделі кезеңі жүрді. Кәрістерді депортациялау 1937 жылдың қыркүйегінен басталды. Қиыр Шығыс аудандарынан 172 мың этникалық кәрістер Орта Азияға жер аударылды. Кәрістер 1953-1957 жылдары ақталып, құқықтарына қойылған барлық шектеулер алынып тасталды.
Қиыр Шығыстан депортацияға ұшыраған кәрістер тақырыбын қозғауға ұзақ уақыт бойы тыйым салынып келді. Мұрағат дереккөздеріне қолжеткізу мүмкін болмағандықтан, бұл жөнінде зерттеулер жүргізу қиын болды. Жарыққа шыққан жарияланымдардың көбісі мемуарларға сүйеніп жазылды. Соңғы жылдары бұл мәселеге тарихшылар мен публицистер көп көңіл аударып жатыр.
Владимир Цай - қазақ спортының дамуына және жастарды тәрбиелеуге зор үлес қосып келе жатқан белсенді қария. 25 жыл оқушылардың қалалық спартакиадасында бас төрешісі болып, 20 жыл Теміртау қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін және «Жас теңізшілер клубын» басқарған.
1970 жылы Владимир Цайдың сіңірген еңбегі бағаланып, «Отличник просвещения КазССР» белгісімен марапатталды.
90 жастағы ақсақал - «Коряна» кәріс орталығының құрметті ардагері.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: kelisim@bk.ru
Ұқсас жаңалықтар
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
«АССАМБЛЕЯ ҚҰРАМАСЫ» ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҮЛЕСІН АТАП ӨТТІ
-
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚХА МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті