06 Қазан, 2016
974
Өмірлік маңызы бар сабақ
Кез-келген адамның басынан күтпеген жайттар өтуі мүмкін, ал егер алғашқы медициналық жәрдем беруге білімі жетпесе, адамдар жауапкершіліктен қашса не істеуге болады?
Зардап шегушіге дер кезінде көмектесе білу – оның өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
Осыған орай, «Шын жүректен» атты республикалық акция-телемарафонында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» КММ, Денсаулық сақтау басқармасы, СҚО әкімдігінің Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі жастарға түсіндіру және тәжірибелік жұмысын жүргізді.
«Шын жүректен – Первая помощь» жобасының алға қойған мақсаты – азаматтарды жедел жәрдем бригадасы жеткенше түрлі аурулар бойынша алғашқы көмек көрсетуге үйрету.
Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің, Петропавл құрылыс-экономикалық және гуманитарлық-техникалық колледждерінің студенттері теориясын өтісімен тәжірибелік сабақтарға кірісті. Тәжірибе жинақтап алған соң топ өкілдері өз арасында сайысты. Сынық алғанда кім шапшаң және сапалы таңады, қан қысымын өлшейді және жан сақтау шараларын қабылдайды.
Дәрігерлер артериялық гипертензияның алдын алу жайында да айтты. «Бұл сырқаттан өзіңді сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден бас тарту керек», - дейді дәрігерлер. Гуманитарлық-техникалық колледж студенті Сания Серғазина: - Мұндай жайт кез-келген жанның басынан өтуі ықтимал. Мен бұл жерде қан қысымын өлшеуді, қан кетуді тоқтатуды үйрендім. Өмірде бұл міндетті түрде қажет болады.
Барлық қатысқандарға түрлі төтенше жағдайларда іс-әрекет ету алгоритмдері түсіндірілген парақшалар таратылды. Сонымен қатар, балалар теория бойынша артериалдық гипертензияның, гипертониялық аурудың алдын алуды және де жүрек-қан тамырлары ауруларының белгілері мен қауіпті факторларын түсініп алды.
Үшінші орынды гуманитарлық-техникалық колледждің, екінші орынды - құрылыс-экономикалық, ал бірінші орынды Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің студенттері иеленді. Зеріктіретін дәрістердің орнына – таза ауада машықтану сабақтары және топ құру ойындары болды. Студенттер алғашқы медициналық көмек көрсете білуді есте сақтауға уәде берді, өйткені мұндай тәжірибенің өмірлік маңызы бар.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ президенті және қауымдастықтың Шымкент қ. филиалының төрағасымен кездесті
-
Марат Әзілхановтың «Мицва» қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Александр Баронмен кездесуі өтті
-
Марат Әзілхановтың «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ төрағасы және «Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық қоры» ҚБ директоры, «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг қауымдастығы» РҚБ Басқарма кеңесінің төрағасымен кездесуі өтті
-
ҚХА делегациясы А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлерімен кездесті
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
14 Шілде, 16:11
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
14 Шілде, 15:03
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды