31 Шілде, 2020
1243
«Мың алғыс!» акциясы Қарағанды облысында жалғасын тапты
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні «Мың алғыс!» жалпыреспубликалық акциясын өткізді.
Акция барысында Ассамблея мүшелері қаламыздағы психоневрологиялық науқас балаларға арналған әлеуметтік мекемеге барып, медицина қызметкерлері мен емделушілерге азық-түлік себеттерін және антисептикалық заттар үлестірді.
Акция қасиетті Құрбан айт мерекесінде халықты қайырымдылыққа шақыруға, төтенше жағдай кезіндегі көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беруге бағытталған. Сауапты істе атсалысқан этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілдері мекеме қызметкерлері мен науқас балаларға моральдық тұрғыда да қолдау көрсетті. Өз кезектерінде олар да алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Бұдан бөлек, Ассамблея құрылымдарының өкілдері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу жылы қарсаңында мектепке арналған құрал-жабдықтар да таратты. Аналар кеңесінің төрайымы Жанар Кенжеғалиева:
– Рухани тазалық пен мейірімділіктің бастауы, елдің ынтымақ-бірлігін күшейтіп, қайырымдылық қасиеттерді, достық қарым-қатынастарды арттыратын, бауырластық пен қамқорлық танытуға үндейтін Құрбан айт мейрамында жасалған осынау игі шара еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі нағыз жанашырлықтың үлгісі деп білеміз, - дейді.
Қайырымдылық шаралары – Ассамблеяның негізгі бағыты. Қарағанды облысы Ассамблея өкілдері үш мыңнан астам адамға 10 млн. теңге көлемінде көмек көрсеткенін атап кетейік.
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА активімен кездесу өткізді
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті