02 Желтоқсан, 2020
7829
«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының Жамбыл облыстық кезеңі өткізілді
Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ және облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени - ағарту жобасының облыстық кезеңі өткізілді.
Жобаның басты мақсаты - мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту және қазақ әліпбиінің латын графикасын дамыту.
Іс-шараға әр номинация бойынша барлығы 14 үміткер қатысты. «Мың бала» жобасы «Тіл мектебі», «Асыл сөз» мектебі, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы, әлеуметтік желілерде «Abaıdyń 175 jyldyǵy» сынды 4 бағдарлама бойынша ұйымдастырылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары номинациясы бойынша Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Айжан Аманбаева І – орын иеленді.
«Асыл сөз» мектебі шешендік өнерге баулу номинациясы бойынша І орынды Сарысу ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы - Фахрутдинова Алсу жеңіп алды. «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы номинациясы бойынша Меркі ауданы №44 ЖББМ 7 сынып оқушысы - Забитов Хаджи Сайрапович және Тараз қаласы, №39 орта мектептің 7 сынып оқушысы - Тешаева Хушафруз алғысхатпен марапатталды.
Әлеуметтік желілердегі «Abaıdyń 175 jyldyǵy» номинациясы бойынша Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің оқушысы - Мамедова Даяна І – орын алды.
Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларына Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті