22 Қыркүйек, 2015
1523
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы Арқа төрінде
22 қыркүйекте Сарыарқа төсі Жезқазған қаласында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы басталды. Жоба Қарағанды облысы бойынша қасиетті Ұлытау өңірінде жүзеге аспақ.
22 қыркүйекте Сарыарқа төсі Жезқазған қаласында «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы басталды. Жоба Қарағанды облысы бойынша қасиетті Ұлытау өңірінде жүзеге аспақ.
Жобаның негізгі мақсаты – шежіреге мол Ұлытау ауданындағы тарихи жәдігерлерді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды ұлықтау. Басты міндеттері: тілдік және мәдени ортаны қалыптастыра отырып, өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл – қазақ тіліне баулу, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, әдебиеттің бай мұраларын насихаттау арқылы, тілдің маңыздылығын айқындап, мәртебесін көтеру, жастардың бойындағы рухани құндылықтарды дамыту. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында өткізіліп жатқан жобаға Қарағанды, Жезқазған және Сәтпаев қалаларындағы этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты белсенді атсалысуда.
Барлық жоба қатысушыларын Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің қызметкерлері қарсы алды. Музей алаңында «Мирас» сән театрының қатысуымен музей қорындағы эксклюзивті жәдігерлердің көрсетілімі өтті. «Ақ әжелер» фольклорлы-этнографиялық ансамблі қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау мақсатында «Мың бала» жобасы қатысушыларына «Бесік жырының» шығу тарихымен, қыз ұзату дәстүрімен таныстырды.
Бұдан кейін музей залдарына экскурсия жүргізіліп, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай орнатылған «Бұланты шайқасы» диорамасы арқылы Қазақ хандығының құрылу тарихы тамашаланды. Музейдегі «Аманат» театр-студиясының «Кетбұқа» аңызы бойынша сахналандырылған қойылымы да жастар назарына ұсынылды.
Әрі қарай музейдің конференц-залында қатысушылар жоба ұйымдастырушылары - облыстық Ассамблея хатшылығының басшысы Ерлан Құсайынмен, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, Бизнес және көлік колледжінің құрылтайшысы, меценат Бекзат Алтынбековпен, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, ақын, Жезқазған тарихи- археологиялық музейінің директоры Зинаида Чумаковамен кездесті. Дөңгелек үстел барысында төрт күнге созылатын жобаның көздеген мақсаты, ерекше маңыздылығы айтылды. Мәжіліс жоба қатысушылары арасындағы «Қазақстан – менің жүрегімде» деген тақырыптағы қазақ біртектілігі туралы диалогпен жалғасты. Мұнда қазақстандықтардың ортақ образын іздеу: тіл, салт-дәстүр, мәдениет және өнер, азаматтық құндылықтар, ұлттық дастархан, ұлттық киім сияқты тақырыптар қызу өрбіді.
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының алғашқы күні осындай көңілді нотада тәмамдалды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті