24 Мамыр, 2017
3889
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті
«Мың бала» республикалық мәдени- ағартушылық жобасы Павлодар облысы бойынша жыл басында басталып, облысымыздың барлық оқу мекемелерінде, мектеп оқушылары, балабақша тәрбиенушілері арасында өткізілді. Міне 23 мамыр күні, облыстық деңгейге жеткен қатысушылар өзара бақ сынасып, Республикалық сайысқа жолдама алды. Бұл сайыс екі кезеңнен тұрады, біріншісі - өзін-өзі таныстыру, екіншісі - шешендік өнер.
Қазақстан жерінде тұрып жатқан сан алуан ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді құрметтеп, оны жетік меңгеруге деген құлшыныстарын Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдап, бүкіл Қазақстан бойынша барлық өңірлерде жас өрендер осы жобаға тартыла бастады. Осымен үшінші жыл қатарынан Павлодар облысында «Мың бала» жобасы облыстық білім басқармасының тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отыр. Жүзден жүйрік деп танылған жеңімпаздар жыл сайын Астана қаласында өтетін «Мың бала» мәдени- ағартушылық жобасының қорытынды байқауына қатыса алады. Бүгін осындай мүмкіндікті 53 оқушы пайдаланып, өз бақтарын сынды.
Осы іс-шарасына Ақтоғай, Железин, Лебяжі, Павлодар, Успен, Шарбақты, Май, Қашыр аудандары және Ақсу, Екібастұз, Павлодар қалаларының оқушылары қатысты.
Қорытынды бойынша 1-орындарға Екібастұз қаласының № 33 жалпы орта білім беретін мектебінің 3 сынып оқушысы Веренина Арина, Павлодар қаласының № 13 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Лисицина Елена, Шарбақты ауданының Жаңауыл орта мектебінің 10 сынып оқушысы Целипоткин Сергей ие болды. Ал шығармашылық шеберлігі үшін Кенжекөл орта мектебінің 2 сынып оқушысы Ленчик Камиль ақшадай сыйлықтын иегері болып аттанды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді