27 Қараша, 2022
436
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қатысушыларын марапаттау рәсімі
2022 жылғы 28 қарашада Астана қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Қоғамдық келісім» РММ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қатысушыларын марапаттау рәсімін ұйымдастырады.
«Мың бала» жобасының мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын, әртүрлі этникалық топтардың жастарын мемлекеттік тілді оқытуда қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамытуға үлес қосу болып табылады.
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қ. Қыдырәлі, ҚХА төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілханов, ҚР Парламенті депутаттары, ҚХА мүшелері, жоба жеңімпаздары, мемлекеттік тілді оқыту бойынша әдіскерлер, жастары ұйымдарының мүшелері шығармашылық және ғылыми зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.
Анықтама үшін: «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы ҚХА бастамасымен 2015 жылдан бастап іске асырылуда.
2015 – 2022 жылдар аралығында жоба шеңберінде барлығы 107 054 іс-шара ұйымдастырылып, 2 577 491 ЭМБ жастар өкілдері қатысты. Жоба бағдарламасы халықаралық тәжірибені ескере отырып, барлық қатысушыларға мәдени және тілдік ортаға (шығармашылық жобалар мен конкурстарға қатысу, мемлекеттік тілде фильмдер мен мультфильмдер көру және т.б.) толықтай қосылуға мүмкіндік беретін мәдени-тілдік дағды арқылы жүзеге асырылады.
Күні: 2022 жылғы 28 қараша
Уақыты: сағат 11:00-де
Өткізілетін орны: Астана қ. «Жастар» театры, І. Есенберлин көшесі, 10
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді