20 Қараша, 2020
7593
«Мың бала» жобасы биыл 73 472 баланың мемлекеттік тілді меңгеруіне ықпал етті
2020 жылы 20 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өңірлік іс-шараларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.Әзілханов, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Қалиев, ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚХА Журналистер клубының төрағасы М.Бекбаева, ҚХА мүшелері, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын салтанатты түрде қорытындылау шарасында Ассамблея Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асырылып келе жатқан «Мың бала» жобасы – түрлі этникалық топтар арасындағы мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларына мемлекеттік тілді меңгеруге жағдай жасап, қазақ тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын танытуды көздейді» деп атап өтті.
Сондай-ақ, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос жастары арасында тұрақты өткізіп келе жатқан «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» форумына тоқталды:
«Жақында Алматы қаласында Ассамблеяның Қазақ тілін меңгеру жөніндегі бірінші конгресі өтті. Шараға түрлі этнос жастары қатысып, өз ой-пікірлерін тек мемлекеттік тілде жеткізді. Ассамблеяның бұл бағыттағы жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруға және мемлекеттік тілді мектеп жасынан меңгеруге айрықша мән беріп отыр», - дей отырып, «Мың бала» жобасы осы тапсырмалардың өз деңгейінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететінін айтып өтті.
Жоба нәтижесіне келсек, биылғы жылы аталған жоба 73 472 баланың мемлекеттік тілді меңгеруіне ықпал етті. Жобаны алғаш қолға алған 2015 жылы мемлекеттік тілді 44 497 бала меңгерсе, қазірге таңда (2019 жылы-73 мың 472) бұл көрсеткіш 1,5 есеге көбейген.
Жалпы айтар болсақ, 2015 пен 2019 жж. аралығында «Мың бала» жобасы аясында 73 160 іс-шара ұйымдастырылды. Оларға 1 492 516 адам қатысып, қазақ тілін 286 215 бала үйреніп шықты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цоймен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығымен және ҚХА кафедрасының өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы Акбаржон Исмаиловпен кездесті
-
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз - әралуандықта» тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды
вчера, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
4 Ақпан, 18:08
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті
4 Ақпан, 17:58
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цоймен кездесті
4 Ақпан, 16:03