18 Мамыр, 2017
1121
«МЫҢ БОЯУЛЫ МАҢҒЫСТАУ» ЖАС СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ
16 мамыр Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен «Өнер» арт-галереясының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған «Мың бояулы Маңғыстау» атты облыстық жас суретшілер байқауы өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бану Ғаниқызы Нұрғазиева, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Өнер» арт-галереясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері т.б. қатысу алды.
Байқауда Маңғыстау Өнер колледжінің студенттерімен қатар Астана және Алматы қалаларынан арнайы келген жас суретшілер бақ сынасты. Олар киелі Маңғыстау жерінің сұлу табиғатын бейнелей отырып, өңіріміздің өзіндік табиғи, географиялық ерекшеліктерін және Ақтау қаласының көз тартарлық орындары кескінделген туындыларын ұсынды.
«Осындай көрмелер мен байқаулар арқылы біз жас суретшілердің өсіп-өркендеуіне жол ашқымыз келеді. Олар Маңғыстаудың сұлу табиғатын бейнеледі. Олардың суреттерін тек Қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де көріп үлгерді. Картиналарға қарап, олар сол жерлерге саяхат жасағысы келетіндерін айтады», - дейді Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, «Өнер» арт-галереясының жетекшісі Аймұрат Таңатов.
Байқау соңында ең үздік деп танылған туындылар иесін марапаттау рәсімі болды. Олардың 100-ге жуық суреттері ағымдағы жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жіберіліп, әлем назарына ұсынылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді