06 Желтоқсан, 2017
887
Ән – халықтың жаны!
Дәл осындай атаумен Көкшетау қаласында «Қазақстанның орыс, славян және казактар қауымдастығы ұйымы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен орыс және казак әндерінің фестивалі өтті.
Фестивальге Қарағанды, Теміртау, Степногорск, Көкшетау қалалары мен Ақмола облысының 7 ауданынан келген өнерпаздар қатысты.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова фестиваль қатысушылары мен көрермендерінің алдында сөйлеген сөзінде, еліміздің сәтті әрі қарқынды дамуында Ұлт Көшбасшысының атқарған рөлі ерекше екенін атап өтті. «қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Және бірегей даму үлгісінің арқасында осындай іс-шараларды өткізуге мүмкіндік туғанын әрбір азамат сезінуі тиіс»,- деп қорытындылады өз сөзін облыс басшысының орынбасары.
Фестивальға құрметті қонақ ретінде қатысқан «Қазақстанның орыс, славян және казактар қауымдастығы ұйымының» төрағасы Владимир Божко, жиналғандар алдында сөйлеген құттықтау сөзінде, Қазақстанның аз ғана уақыт аралығында бәсекеге қабілетті елге айналуы, ауқымы кең саяси-экономикалық, әлеуметтік реформаларды сәтті жүзеге асыра білу тәжірибесінің қалыптасуы - Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығыменен жасалған дара қазақстандық даму үлгісінің жемісі екендігін айтты.
Кеш барысында Қарағанды қаласынан келген «Казачья вольница» және Темиртау қаласының атынан қатысқан «Калинка» ансамбльдерінің көрсеткен өнерлеріне көпшілік қауымының қошеметі ерекше болды.
Адам жанын тербетіп, тың арман мен мұратқа жетелейтін, көңілді сергітіп, бойға қуат беретін ұлттық әндердің орны бөлек екені белгілі. Сондықтан да болар Ақмола облысының Сандықтау ауылының өнерлілерін біріктірген «Услада» ансамблі мен Бұланды және Бурабай аудандарының әншілері жан-тәнімен, айрықша шеберлікпен орындаған әндері көрермендердің көңілінен шықты.
Халық әні адамдарды біріктіреді, қазіргі заманғы біркелкі қалалық өмір сүру қалпынан аз уақытқа болса да бас көтеріп, ішкі дүниеңнің жеңілдеуіне көмектеседі. Орыс және казак әндері фестиваліне жиналған жандардың баршасы қайталанбас әсер алып тарасқандарына еш күмән жоқ. Ал сахнаға көтеріліп, көпшілік алдында өнерлерін ортаға салғандар үшін халықтың сүйіспеншілігі мен ризашылығы ең әділ және лайықты марапат болды.
ТАТЬЯНА ПЯТКОВА
Дата события ассамблеи: 06.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры және Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі директорымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасы докторанттары және магистранттарымен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ президенті және қауымдастықтың Шымкент қ. филиалының төрағасымен кездесті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті