Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2016

1914

«Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі»

Бүгін  Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейде «Ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 тұғыры» 25 жұлдызды күн» жобасы аясында Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі ұйымдастырған «Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі» бірыңғай жалпы ұлттық тақырыптық күніне арналған іс-шара өтті.

Форумға қатысушылар «Әлем. XXI ғасыр» манифесін қолдау ретінде сөз сөйлеп, барша қатысушылар арасында оң көзқарас, қолдау тудырды. Форум қорытындысы бойынша «Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі» қарары қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесі – жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге республиканың қосқан елеулі үлесі. Өз манифесінде Президент әлемді жоғары дәрежедегі жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікке жақындатуға мүмкіндік беретін жалпыға ортақ диалогке және бірлескен іс-қимылға, жалпы нақты әрекет ететін қауіпсіздік қағидаларын әзірлеуге үндейді. Бұл жерде, ең алдымен, халықаралық ядролық бақылауды күшейту жөнінде сөз болып отыр.

«Әлем. XXI ғасыр» манифесі заманауи халықаралық қатынастардың басты мәселелеріне қарсы әрекет етуге бағытталған Президенттің бітімгерлік бастамалар топтамасының жалғасына айналды.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай