
04 Мамыр, 2016
909
Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобаларға конкурс өткізу ЕРЕЖЕСІ
1.Жалпы ережелер
1.1 Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған үздік ғылыми жобалар конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі.
1.2. Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі.
1.3. Осы Ереже ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің 2015 жылғы 4 қазандағы Ережесіне сәйкес конкурс өткізу тәртібін және ғылыми жұмыстарды іріктеу белгілерін анықтайды.
2. Конкурстың мақсаты және міндеттері
2.1. Конкурстың мақсаты:
- ғылыми қоғамдастықты Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге ықпал ететін зерттеу жұмыстарына тарту;
- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған монографиялардың, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының басылып шығарылуына қолдау көрсету.
2.2. Конкурс өткізудің негізгі міндеті ғалымдардың, зерттеушілердің, докторанттар мен магистранттардың бейбітшілік пен келісімді ілгерілетуге бағытталған ғылыми зерттеулеріне қолдау көрсету.
3. Конкурстың бағыттары
- Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің бейбітшілік пен қоғамдық келісім институты ретіндегі жаңа қыры; - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жаһандық бастамалары мәнмәтініндегі бейбітшілік пен келісім идеясы; - Қазақстандық бірегейлік: құндылық негіздері мен нығайту жолдары; - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы: бастаудан – болашаққа; - Қазақстандық азаматтық бірегейлік - Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптастырудың басты факторы.
4. Конкурсқа қатысушылар
4.1. Конкурсқа Қазақстанның қоғам қайраткерлері, ғалымдар, докторанттар мен магистранттар, ғылыми–зерттеу орталықтарының қызметкерлері, ғылыми–сарапшылық қоғамдастықтар өкілдері қатыса алады. 4.2. Әрбір ізденуші тек қана бір өтінім бере алады.
5. Конкурс басшылығы
5.1 Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа жалпы басшылық жасайды (бұдан әрі – Ұйымдастырушы). 5.2. Конкурстарды өңірлерде Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылықтары немесе Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастырады. 5.3. Ұйымдастырушы: - осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5.4. Конкурс жеңімпаздарын анықтау мақсатында Ұйымдастырушы қатысушылардан қосымша ақпарат алуға құқылы. 5.5. Сараптау комиссиясының ғылыми жұмыстарды іріктейді және Ұйымдастырушыға дауыс беру нәтижелерімен бірге отырыстар хаттамасын тапсырады.
6. Конкурсты өткізу тәртібі мен мерзімі
5.1. Конкурс 2016 жылдың сәуір – қараша айлары аралығында өтеді, күнтізбелік жоспарға (1 Қосымша) сәйкес 3 кезеңнен тұрады: - өңірлік кезеңі Астана және Алматы қалалары мен облыстар деңгейінде конкурс өткізуді қамтиды. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдер 2016 жылғы 10 қыркүйекке дейін өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ-не немесе Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылықтарына жіберіледі. Сараптау комиссиясының талдауларының қорытындысы (2 Қосымша) бойынша, іріктелген өтінімдер конкурстың республикалық кезеңіне жіберіледі; - республикалық кезең – 2016 жылдың 5 қазан – 5 қараша айлары аралығында өтеді. Конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары 2016 жылғы 5 қазанға дейін өтінімді (3 Қосымша) өңірлерден түскен жобаларға талдау, бағалау және жеңімпаздарды анықтайтын Ұйымдастырушының мекенжайына жібереді; - үшінші кезең (2016 жылғы қараша) – жеңімпаздарды марапаттау, 2016 жылғы 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қарсаңында ҚХА ҒСК отырысында өтеді. 5.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер конкурс қорытындысы туралы ақпаратты қатысушының көрсеткен мекенжайына жазбаша хабарландыру немесе электрондық пошта арқылы алады.
7. Конкурстық өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
7.1 Республикалық конкурсқа қатысу үшін қатысушылар келесі құжаттарды жолдайды: - Конкурсқа қатысуға өтінім – 1 дана; - 70 беттен кем болмайтын ғылыми жұмыстың басылып, тігілген мәтіні – 1 дана; - Конкурсқа қатысуға өтінімнің электрондық нұсқасы және СD дискіге жазылған ғылыми жұмыстың мәтіні – 1 дана; - қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі. 7.2 Конкурсқа қатысуға өтінім беру қатысушының осы Ережемен белгіленген конкурсқа қатысу талаптары мен шарттарына келісімін білдіреді. 7.3 Конкурсқа қатысуға түскен өтінімдерді конкурсты ұйымдастырушы өтінімнің келген күні мен уақытын көрсетіп, конкурсқа қатысуға тіркейді. 7.4 Конкурсқа қатысуға түскен өтінім конкурс талаптарына сәйкес келмеген жағдайда немесе белгіленген мерзімнен кешігіп жіберілген жағдайда қабылданбайды. Конкурстық өтінімнің қабылданбау себебі авторларға хабарланбайды. Конкурстық өтінімнің материалдары авторларға қайтарылмайды.
8. Жобаларды іріктеу өлшемдері
8.1 Конкурсқа қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми тұрғыдан дамытуға үлес қосатын ғылыми-зерттеу еңбектері, сонымен қатар, инновациялық тәсілдер әзірлемелері жіберіледі. 8.2 Жұмысты бағалау кезінде келесі өлшемдер есепке алынады: - жұмыстың конкурс мақсатына және міндеттеріне сай келуі; - тақырыптың өзектілігі; - құрылымының және баяндау логикасының негізділігі; - жобаның ғылыми жаңашылдығы; - міндеттерді орындау жолында жаңаша авторлық көзқарас; - ғылыми жұмыстың әдіснамасының тиімділігі, талдаудың заманауи тәсілдерін қолдану; - қорытындылар мен тәжірибелік ұсынымдардың болуы.
8.3 Конкурстың республикалық кезеңіне өткен құжаттар ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-і мекенжайына жолданады. Мекенжайы: 010000, Астана қ., Орынбор к. 8, (Министрліктер үйі), 13-кіреберіс, 683 каб. Тел.: 8 (7172) 74-12-80.
9. Жұмысты ресімдеу тәртібі
9.1 Ғылыми жұмыс мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. 9.2 Жұмысты ресімдеудің ұсынылатын реті: Негізгі бет. Конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтер. Жұмыс аннотациясы. Мазмұны. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Көлемі – 70 беттен кем емес; форматы – А-4; парақтың жиектері: сол жағы – 3 см., жоғарғы және төменгі – 2 см, оң жағы – 1 см; шрифт - Times New Roman, шрифт өлшемі – 14, сілтемелерді номерлеу – алмаспайтын; тармақаралық интервал – 1,5; азат жол басындағы бос жер – 1,3 см; негізгі мәтінді тегістеу – ені бойынша; редактор – Microsoft Word 2007.
10. Конкурс қорытындысын шығару
10.1. Конкурс қорытындысын шығару Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы аясында 2016 жылғы қараша айында шығарылады. 10.2 Ұйымдастырушы конкурс жеңімпаздарын www.assembly.kz сайтында жариялайды. 10.3 Үздік жұмыстар басылымға және олардың авторлары бағалы сыйлықтармен марапаттауға ұсынылады.
|
Ұйымдастырушының деректері:
Мекенжайы: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Орынбор к. 8, (Министрліктер үйі), 13-кіреберіс, 683 каб. Тел.: 8 (7172) 74-12-80.
|
Ұқсас жаңалықтар
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады