Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Шілде, 2015

772

«Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ҰЛТ БІРЛІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ: АӨСШК КЕҢІСТІГІНДЕГІ ТӘЖІРИБЕ»

2015 жылғы 2 шілдеде сағат 10.00-да Астана қаласындағы «Rixos» қонақүйінде («Жерұйық» залы) Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының  «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім және ұлт бірлігінің қазақстандық үлгісі: АӨСШК кеңістігіндегі тәжірибе» халықаралық форумы болады.  

2015 жылғы 2 шілдеде сағат 10.00-да Астана қаласындағы «Rixos» қонақүйінде («Жерұйық» залы) Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының  «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім және ұлт бірлігінің қазақстандық үлгісі: АӨСШК кеңістігіндегі тәжірибе» халықаралық форумы болады. 

Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар, Парламент депутаттары, ҚР мемлекеттік органдарының, АӨСШК елдерінің Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының өкілдері,  ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, ҚХА және этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ҮЕҰ, жастар ұйымдарының өкілдері, БАҚ қатысады.  

Форум аясында: «АӨСШК: тұрақтылық пен өркендеуге» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Мәдениетаралық ынтымақтастық: АӨСШК елдерінің тарихи-мәдени мұрасы»; «Этномәдени бірлестіктердің ғылыми әлеуеті: сарапшылар қауымымен өзара іс-қимыл»; «Мass-mediaдағы этномәдениет пен толеранттылық» тақырыптарына панельдік пікірлесулер өтеді.  

Форум модераторы – ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов болады, АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Гунь Цзянвэй мырзаның, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының, Бангладеш Халық Республикасы Парламентінің мүшесі Фазле Хусейн Бадша мырзаның, Лондондағы (Ұлыбритания) Қазақстандық бейбітшілік және келісім орталығының директоры  Сидхарт Саксена мырзаның сөз сөйлеуі жоспарланған.

Форум жұмысының соңында қорытынды құжат қабылданады. 

________________

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі:

тел.+7(7172) 74-12-15, 74-12-13,

+7707 705 12 11,

E-mail: info_rgy@mail.ru

www.assembly.kz

 

Анықтама. АӨСШК туралы идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев алғаш рет 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында жария еткен болатын.   Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Азияда бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ынтымақтастықты нығайту жөніндегі халықаралық форум болып табылады.  

Адами өлшемдегі ынтымақтастықты нығайту мақсатында жыл сайын АӨСШК елдерінің ұлттық-мәдени орталықтарының форумы өткізіледі. Форумның мақсаты Орталық Азияда  және АӨСШК кеңістігінде толерантты ортаны қалыптастыру, АӨСШК елдеріндегі халықтар арасында мәдениетаралық өзара іс-қимыл мақсатындағы қоғамдық диалог алаңшаларын құру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін зерделеу негізінде тәжірибе алмасу болып табылады. Форумды жыл сайын өткізу Қазақстан Республикасының бастамасы екендігін атап өту қажет. 

2008 жылдан бастап Форум көп этносты қоғамдағы этносаралық татулық пен жалпыұлттық келісімнің пәрменді институты – Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығымен өткізіліп келеді.  Ассамблея мемлекет институттары мен азаматтық қоғам арасындағы байланыстырушы буынға айналды, ал оның тәжірибесі әлемнің көптеген елдерінде зерделеленіп, таратылуда. Бұл тәжірибе әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтық біртектілікті қалыптастыру және АӨСШК елдеріндегі халықтар бірлігін нығайту мәселелерін талқылау және зерделеу үшін билік пен қоғам арасында диалог алаңшаларын құру қажеттігін көрсетеді. Жыл сайын Форумның күн тәртібіне қазіргі заманның өзекті мәселелері енгізіледі, мұның өзі әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша дер кезінде және қажетті диалог алаңшасын жасайды. Ұйымға да, іс-шараға да қатысушылар құрамының кеңейе түсуі де Форум қызметінің тиімділік көрсеткіші болып табылады. 

2014 жылғы 5 мамырда  Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен АӨСШК арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, онда тараптар ынтымақтастығының негізгі қағидаттары айқындалды.  Өзара түсіністік туралы меморандум жасалуы АӨСШК кеңістігінде бейбітшілік, келісімді және рухани мәдениетті қамтамасыз етуде ҚХА мен АӨСШК арасындағы  өзара іс-қимылды бұрынғыдан да бетер нығайта түсті. 

_____________________

 

Кейін қарай