Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қаңтар, 2018

836

Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары республикалық қауымдастығының кеңейтілген отырысы

Бүгін Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық Университетінде мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»  кітабын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары республикалық қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтті.  

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, шетелдік сарапшылар, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, мемлекеттік органдардың және  этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, оқытушылар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Ассоциация төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, э.ғ.д., профессор А.Башмаков отырыс модераторы болды.

Іс-шара барысында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің жаңа тарихындағы және болашағындағы рөлі, егемен мемлекет құрудың негізгі кезеңдері, жаңғырту мәселелері талқыланып, қоғамдық келісім мен жалпы халықтық бірліктің «қазақстандық моделінің» мәні, сондай-ақ «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы мен Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының мәнмәтінінде ҚХА кафедраларының алдында тұрған негізгі міндеттер қарастырылды.

Дата события ассамблеи: 23.01.2018

Кейін қарай