16 Маусым, 2022
514
Нұр-Cұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
«Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Берік Жәкеновтің қатысуымен «Жаңа Қазақстан – азаматтық қоғамы мықты тиімді мемлекет» тақырыбында елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың, елордалық этномәдени бірлестіктердің, ғылыми-сараптамалық топтың, Қоғамдық келісім кеңесінің, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесінің, жастар қанаттарының, студент жастардың өкілдері қатысты.
Бірінші жартыжылдықты қорытындылай келе, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің оң динамикасын атап өтті.
ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Индира Рыстина ҚХА қызметінің негізгі бағыттарына және Қазақстан қоғамында тұрақтылықты сақтауға бағытталған барлық тетіктердің тиімді жұмысы бойынша ҚХА-ның ХХХІ сессиясында Мемлекет Басшысы қойған міндеттердің орындалуына ерекше назар аударды.
«Тұран-Астана» университеті кафедрасының меңгерушісі, доцент, филология ғылымдарының кандидаты Владимир Шнайдер мемлекеттік тілді білу Қазақстанның әрбір азаматының парызы екенін атап өтіп, қазақ тілін үйренудің маңыздылығын, «Юнчи» Дүнген этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, «ОСК Стройсервис» ЖШС бас директоры Даут Генхузов елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы адал еңбек әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті, қалалық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Алтынай Тәңірбергенова Аналар кеңесінің жұмысына егжей-тегжейлі тоқталып, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА Медиа-орталығының жетекшісі Равиль Валеев ашық ақпараттық кеңістікті құрудың негізгі қағидаларын атап өтті.
Сондай-ақ, мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға, жастарға патриоттық тәрбие беруге, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту ісінде мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара іс-қимылына қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Сессия барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының 2022-2023 жылдарға арналған қоғамдық орынбасарларын сайлауы өтті. Олар «Жастар» сарайының директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА Кеңесінің мүшесі С.П. Солодовников және корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Р.М. Пак.
Сессия соңында елордалық Ассамблея белсенділері этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі және елорданың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32