
02 Желтоқсан, 2021
352
Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы болды
Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордалық Достық үйінде қала әкімі-қалалық Ассамблеяның төрағасы А.С. Көлгіновтің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңес мүшелері 21 қазанда ел Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К. Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған негізгі міндеттерді талқылады, сондай-ақ өңірлік ассамблеялар үшін үлгі ретінде астаналық Ассамблеяның одан әрі даму бағыттарын айқындады.
Уақыт барлығынан және Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұлт бірлігін нығайту жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды, этностардың қазақстандық қоғамға табысты кірігуін талап етеді. Президент этносаралық келісім саясатын іске асырудағы негізгі басымдықтарды белгіледі.
Этномәдени бірлестіктердің дамуына жағдай жасауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы жүйесінің бөлімшелерінің бірі – Достық үйі. Қала басшылығы мекеменің жетістіктері мен Достық үйі ұжымының жұмысын жоғары бағалады. Елордалық Ассамблея Төрағасының тапсырмасына сәйкес, Достық үйі этномәдени бірлестіктердің әлеуетін арттыру үшін ресурстық орталыққа айналуы тиіс. Бұл жұмысқа қалалық ҚХА-ның барлық қоғамдық құрылымдары міндетті түрде қатысуы қажет.
Дыбыс жазу және тікелей эфир студиялары қазірдің өзінде өз жемісін беруде. Республикалық телеарналарда Абайдың шығармалары түрлі халықтардың аспаптарының орындауында көрсетілді. Композитор, ҚазҰӨУ музыка факультетінің деканы, «Радима» беларусь мәдени орталығының төрағасы Д.Останьковичтің «Біз – қазақстандықпыз» әніне Достық үйінің күшімен бейнебаян түсірілді, оның тұсаукесері отырыс шеңберінде өтті және қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Ұқсас жаңалықтар
11 Маусым, 12:38
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
сегодня, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды