28 Ақпан, 2022
516
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық шарасы өтті
Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Алғыс айту күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына көңіл бөліп, қайырымдылық акциясы аясында қамқорлық жасау.
Мерекелік іс-шара барысында мекеме тұрғындары үшін ұлттық тағамдармен мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Асхат Алмабеков мұнда 300-ден аса жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері бар екенін атап өтті.
- Орталық жеті бағыт бойынша жұмыс істейді, қонақтарға қажетті медициналық қызметтер көрсетіледі. 10-нан аса түрлі ұлт өкілдері украина, орыс, белорусь, неміс, татар, ингуш, башқұрт ұлттарының өкілдері тұрады. Бізде бұл жақты «Шағын Ассамблея» деп атаймыз. Ұйымдастырушыларға үлкен алығысымызды білдіреміз, - деді ол.
Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымының жетекшісі Ханифа Мациева:
- Көптеген жылдар бойы біз тек осы әлеуметтік мекемеге ғана емес, басқаларға да барамыз. Өткен жылы пандемияға байланысты біз орталыққа бара алмадық, бірақ жанымыз әрқашан осында, біргеміз. Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтап, ата-аналарымызға, ата-әжелерімізге алғысымды білдіргім келеді. Әрине, мұндай мекемелердің болғаны жақсы, бірақ мен біздің керемет Қазақстанға осындай үйлердің болмауын шын жүректен тілеймін. Әркімнің өз отбасы болсын, өз ата-анасына қамқорлық жасайтын балалары болсын, немерелері мен балаларының махаббатымен қоршалған ата-әжелері болсын, - деді.
Елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы еліміздегі қайырымдылық істерді үйлестіруші ретінде, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтушы ретінде маңызды рөл атқарып келеді.
Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері осындай іс-шараларға белсенді қатыса отырып, төл мәдениетін таныстырып, ортақ мақсатқа жұмылып, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға атсалысып келеді.
Іс-шараға қалалық Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен шығармашылық топтар қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді