25 Ақпан, 2022
366
Нұр-Сұлтанда Мәжіліс депутаттары ҚХА құрамымен жүздесті
Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Әбдірахманов пен Юрий Ли елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрамымен кездесті.
Кездесу барысында халық қалаулысы Сауытбек Әбдірахманов мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқтала келе, өскелең ұрпақ өкілдерін еңбексүйгіштік рухта тәрбиелеудің маңыздылығын айтты. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстанды» құру идеясы төңірегінде бірігіп, елдің өркендеуі жолында аянбай қызмет ету қажеттілігін атап өтті.
Өз кезегінде мәжілісмен Юрий Ли интернет-алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі Жол картасын іске асыру барысы, «Стоп-коллектор» жобасы туралы, оның міндеттеріне коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекеттері кезінде қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау кіретіні жөнінде толық ақпарат беріп өтті.
Кездесу барысында депутаттар этномәдени бірлестік өкілдерінің қойған бірқатар сұрақтарына жауап бере отырып, бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттаудағы одан арғы жоспарларымен бөлісті.
Жиынға этномәдени бірлестік басшылары, жастар қанатының өкілдері, журналистер клубы, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚХА Медиа-орталығының өкілдері қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті