04 Қыркүйек, 2020
4553
Нұр-Сұлтанда «Жаңғыру жолы» жастары Президент Жолдауын талқылады
Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінің коворкинг алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын талқылау мақсатымен ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы қалалық штабының келелі жиыны өткізілді.
Пікіралмасуға негізделген жиынға Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Л.С. Құсайынова, ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы қалалық штабының жетекшісі А. Тимощенко-Боровикова, Л.Н. Гумилев атындағы ҚХА кафедрасының доценті, Phd докторы, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Х. Маслов, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, елорда этномәдени бірлестіктері жастар қанатының өкілдері, медиаменеджер, продюсер, гуманитарлық ғылым магистрі А. Шаримов және тағы басқалар қатысты.
Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Л.С. Құсайынова Президенттің Жолдауындағы негізгі мәселелерге тоқталып өтті:
«Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздегі түрлі сала алдында тұрған міндеттер кеңінен қамтылды. Соның ішінде білім саласының қашықтықтан оқыту ісі бойынша атқаратын міндеті айқындалған. Дегенмен, еліміз қол жеткізген жетістіктер де жетерлік. Соның бастысы, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың дамуына негіз қаланып, әлемдік деңгейде зор беделге ие болдық»-деді сөз орайында Л.С. Құсайынова.
Баяндамашылардың дерлігі Мемлекет басшысының Жолдауына бірауыздан қолдау білдіріп, тұтастықты сақтауға, Жолдауда көрсетілген негізгі міндеттерді іс жүзінде сапалы орындауға сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті