17 Шілде, 2015
925
«Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігі «Жаңа ойлар табысқа жетелейді» атты үздік инновациялық жобалар конкурсының таныстырылымын өткізді
«Жаңа ойлар табысқа жетелейді» атты үздік инновациялық жоба – республикалық конкурс болып табылады. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған іс-шаралар аясында өткізілуде. Конкурстың мақсаты – жаңа экономикалық «Нұрлы жол» саясаты аясында түрлі салалардағы инновациялық идеялар мен ұсыныстар іздестіру.

Инновациялық жобаны Маңғыстау облысында өткізетін «Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігі мен «Қоғамдық келісім» КММ.
Конкурс тұсаукесері барысында «Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігінің президенті Дәулет Төлемісов байқауға қандай адамдар өтінім бере алатынын, сайыс неше кезеңнен тұратынын және конкурстың қорытындысы қай кезде шығатынына тоқталды.
Шараға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жайылханова А.Ә, Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының бас маманы Айтжанов Р.Ғ, Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Бекжанов Л.Б, «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрағасы Биркле Ф.М, «Өзенмұнайгаз» жас мамандар төрағасы Бәйімбетов Б, «Нұрлы Ақтау» қоғамдық бірлестігінің президенті Төлемісов Д, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Конкурс тұсаукесері аясында сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Әбдіғалиқызы Жайылханова аталмыш жобаның маңызына тоқталды. «Бәрімізге белгілі биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Осыған орай республикамыздың түкпір-түкпірінде түрлі ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. «Жаңа ойлар табысқа жетелейді» атты үздік инновациялық жоба – республикалық конкурс болып табылады. Алайда, республикаға шығу үшін, қатысушы бірінші кезекте өз облысынан үздік болып шығу керек. Мен осы байқауға барлығыңыздың белсенді түрде қатысуыңызды сұраймын. Себебі, біз «Нұрлы жол» саясаты аясында түрлі салалардағы инновациялық идеялар мен ұсыныстар іздестіруміз қажет», - деді ол.
Жиын аясында конкурс жайында бейнефильм мен слайд жұртшылық назарына ұсынылды.
Шараға қатысушылардың барлығы өздерін қызықтырған сауалдарына жауаптар алып, пікір алмасты.
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті