08 Мамыр, 2020
3173
Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстандықтар ерен ерлік пен бекем бірліктің жарқын үлгісін көрсетті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
Қадірлі отандастар!
Ардақты ардагерлер!
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
9 Мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн. Бұл күні біз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметпен еске аламыз.
Майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым етеміз. Бұл – нағыз батылдықтың, әскери даңқ пен патриотизмнің мерекесі.
Баршаңызға белгілі, жеңіс бізге оңайға түскен жоқ. Келер ұрпақтың бақытты әрі берекелі ғұмыры үшін миллиондаған адам фашизмді жеңу жолында жанын пида етті.
Ортақ іске Қазақстанның қосқан үлесі зор. Еліміздің әрбір бесінші тұрғыны майданға аттанды.
Олардың көбі соғыс даласынан оралған жоқ. Қазақстандықтар ерен ерлік пен бекем бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Жаужүрек аталарымыз Брест қамалын, Мәскеуді, Ленинградты қорғауға барын салып, Сталинград, Курск шайқастарында, жау басып алған аумақтарды азат етуде жанқиярлықпен соғысты.
Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Батырларымызға мәңгілік тағзым ету, ардагерлерге қамқорлық көрсету, халықтың ынтымағы мен тұтастығын сақтау – біздің қастерлі борышымыз.
Ел бірлігі – біздің жетістіктеріміздің басты кепілі. Барлық қазақстандықты, соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтаймын.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, игілік пен бақ-береке тілеймін!
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті