
23 Сәуір, 2019
2123
Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кездесті
Дүйсенбі, 22 сәуір күні Елордада Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кездесті.
Әңгімелесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі қонаққа ілтипат білдіріп, екі мемлекет арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықтың тиімділігін айтты.
– Сізбен Қазақстанда жүздескеніме қуаныштымын. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап Оңтүстік Кореямен жақсы қарым-қатынас орнаттық. Біз экономикалық және саяси ынтымақтастығымызды жаңадан қалыптастырдық. Сіздердің жалпы Қазақстанға және Орталық Азияға деген ықыластарыңызды жоғары бағалаймыз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Корея мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасында қол жеткізілген корейаралық уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
– Сіздер күрделі мәселемен – Корей түбегінде бейбітшілік пен өзара сенім орнату ісімен айналысып жатырсыздар. Бұл оңай емес, бірақ бұл – игілікті іс. Сіздердің күш-жігерлеріңізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Оңтүстік Корея Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентіне жүздескені үшін ризашылық білдіріп, бұл сапардың екіжақты байланыстарды дамыту үшін маңызды екенін айтты.
– Брюссельде өткен АСЕМ саммиті аясында кездескеніміз есімде. Сол кезде мені Қазақстанға сапармен келуге шақырдыңыз. Мен бұл сапарға баса мән беремін. Өйткені биыл екі ел арасындағы стратегиялық серіктестігіміздің 10 жылдығын атап өтеміз, – деді Мун Чжэ Ин.
Оңтүстік Корея Президенті Қазақстанның экономикалық даму тұрғысынан қол жеткізген жетістіктерінің бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының арқасы екенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, Мун Чжэ Ин Қазақстанның бейбітшілік пен келісім бағытында, соның ішінде ядролық қарусыздану мен оны таратпау саласында жүргізіп жатқан саясатына тоқталды.
Кездесу соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасының көрмесіндегі экспозициялармен танысты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады